Дәурен Айдарқұлов бірінші әйеліне қосылмайтын болыпты

Oinet.kz 17-07-2020 3879

Отандық танымал актер Дәурен Айдарқұлов бірінші отбасына оралғалы жатқанына қатысты ел арасындағы қауесеттерге жауап берді. Жақында ғана екінші келіншегі Ақбота Сейітмағамбетпен ажырасып кеткен өнер иесі жеке өмірі туралы тақырыбына нүкте қойды.

image.png

Дәурен Айдарқұлов тарап кеткен сансыз қауесеттерден әбден шаршап, Instagram желісінде азулы жазба жариялаған. 

Ең алдымен, өнер иесі бірінші отбасымен қайта қосылайын деп жатқан жоқ екенін кесіп айтты. Оған қоса, көпбалалы актер өзінің жеке өмірін соңғы кезде қызу талқылап кеткен көпшілікке ақиқатты білмей жатып, болмаған нәрсені айтпауға кеңес берді. 

image.png

"Құрметті инста достар! Соңғы күндері менің жеке өмірім жайлы әр түрлі алып-қашпа әңгімелер жүріп жатқанын әлеуметтік желілерден көріп отырмын. Комментариялардың басым бөлігі бірінші отбасымен қосылғалы жатыр деген әңгімелер. Бірақ ол олай емес. Жалған ақпарат таратушыларға айтарым: анығын білмей жатып, әр нәрсені айта бергенше ауыздарыңызға маска тағып жүріңіздерші! Өтініш" , - деп жазды ол. 

Айта кетерлігі, әзілкеш бұл жазбасына пікір қалдыру мүмкіндігін шектеп тастаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Құрметті инста достар! Соңғы күндері менің жеке өмірім жайлы әр түрлі алып-қашпа әңгімелер жүріп жатқанын әлеуметтік желілерден көріп отырмын. Комментариялардың басым бөлігі бірінші отбасымен қосылғалы жатыр деген әңгімелер. Бірақ ол олай емес. Жалған ақпарат таратушыларға айтарым: анығын білмей жатып, әр нәрсені айта бергеше ауыздарыңызға МАСКА тағып жүріңіздерші! Өтініш

«Жігіт көрмеген қыз» Кентал әйелі туралы мақтана айтты
​Саят Медеуов жантебірентерлік сөздерімен халықты жылатты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу