Айгүл Иманбаеваның ұлы әкесінің үшінші әйелінен туған ұлы туралы айтты

Oinet.kz 13-07-2020 6710

Айгүл Иманбаева мен Сәбит Әбдіхалықовтың ұлы Асылжан Әбдімүтәлиев жаңа туған інісі жайлы айтып, халықтан сүйінші сұрады. 

Айгүл Иманбаева ұлы үйленбей тұрып тұрмысқа шығатынын мәлімдеді ...

Асылжан соңынан ерген інісі жақсы хабар айтып, сүйінші сұрады. Айта кетейік, үшінші рет шаңырақ көтерген Сәбит Әбдіхалықов жақынды ұлды болған еді. Жары Динара Абдуллина жұбайына шекесі торсықтай ұл сыйлады. 

"Әр адам тек Алланың қалауымен дүние есігін ашады. Әр құбылыс бір Алланың қалауымен болады. Алланың қалауымен алтау болдық. Осы қиын заманда Алланың назарында осы қиыншылықтан шығайық деген ниетпен Хақ Назар есімді інім дүниеге келді. Алдымызда күтіп тұрған кең заманның белгісі болсын", - деп жазды ол парақшасында.

Бұл жазбаға анасы Айгүл Иманбаева пікір қалдырып, ұлына қолдау білдірді.

"Жарайсың құлыным. Бауырларыңның тірегі бол", - деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары Асылжанның бауырмалдығы мен анасының тектілігіжайлы айтты.

"Інілі болуыңмен, алтын бала. Өзіңдей ұлағатты ұл болсын", "Бауы берік, ғұмыр жасы ұзақ болсын", "Бауы берік болсын, інісі бардың тынысы бар деген", "Бауы берік болсын, Асылжан бауырыңның, ақылды оқушымның жазбасы, талай адамды ойландырар, қазақ көбейсін!", "Керемет. Бірге болыңдар, бір біріңе карайласып жүріңдер", "Бауырыңның дені сау, ғұмырлы болсын!!! Сендей ақылды ұл тәрбиелеген Анаң 100 жасасын!", "Бауырларынан айырмаған анасына алғыс", - деп жазды олар.

Ақбота мен Дәурен тағы да ажырасып кетті
Жүрсін Ерман: «Өзі көп те емеспіз»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу