Бағлан Әбдірайымов коронавирус жұқтырған жақындарына алаңдаушылық білдіруде
Отандық шоу-бизнес өкілі, "Жігіттер" квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымов коронавирус жұқтырып, ауруханаға жатқызылған таныстары туралы айтты. Ол коронавирус індетінің маңайындағы адамдардан табылғанына қатты алаңдаулы, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.
Карантин басталғалы желілерде өзінің белсенділігін жоғалтпаған әнші таныстары аталмыш қауіпті індетті жұқтырғанын оқырмандарынан жасырмады. Әншінің сөзінше, оларды диагнозы расталған бойда ауруханаға алып кеткен.
- "Ковидпен таныстарымыз ауруханаға жатқызылып, уайымдатып қойды. Алла тағала, барша ем іздеген пендесіне шипа, сақтанып жүргендерді індеттен аулақ етсін! Жорытқанда жолымыз болып, әрқашан шуақты күн болсын" , - деп жазды өнер иесі.