«Құранды ер адамдар жазған» - Баян Мақсатқызы

Oinet.kz 29-11-2017 5042

Отандық танымал продюсер Баян Мақсатқызының айтуынша дін жайлы айту, өз сеніміңді насихаттау – нағыз мәдениетсіз адамдардың ісі. Сонымен қатар, продюсер жалғыз  Жаратқанға ғана сенетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы ол танымал қырғыз актері Азиз Бейшеналиевке берген сұхбатында айтты.

image.png

-“Құдай жалғыз, бірақ оның әртүрлі есімдері бар. Жалпы мен Құдайдың кез келген үйінде өзімді жайлы сезінемін. Ол православтардың шіркеуі, мұсылмандардың мешіті не буддистердің ғибадатханасы болса да бәрібір. Мен барлық жерге кіре беремін, себебі Құдайдың жалғыз екенін білемін”, – дейді Баян Мақсатқызы.

Бұдан өзге, экс-Есентаева әйелге қол көтеру жайлы шариғат заңдарын естігенде қынжылып қалғанын айтты.

-“Бұл мәселе емдеуді қажет ететін жара секілді. Күні кеше шариғат бойынша әйелдерді күніне бес рет ұру керектігін естідім. Бұл сөзді Құранды оқымаған сауатсыз адам айтты. Ал шын мәнінде Құранда не жазылған? Әйел ерін тыңдамаса, ең алдымен, онымен сөйлесу қажет. Бұл тәсіл нәтиже бермесе, онымен екі апта жақындаспа деген. Ал үшіншісі және ең сорақысы, әйелді ұру керек. Бірақ меніңше Құранды ер адамдар жазған. Себебі әйел адам үшінші тармақты қоспас еді”, – дейді Баян Мақсатқызы.

Алматыда 178,5 миллион теңгеге дәретханалар салынбақ
Белгілі әзілкеш Есен Елеукен туралы бар шындықты жайып салды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу