«Бетке күліп жүріп, сырттан басқа әңгіме айтқанына таңғалдым» Сиви әнші Керімбековаға

Oinet.kz 04-06-2020 2345

Сиви Махмұди өзін әнші деп санамайтын өнердегі әріптесі Ақбота Керімбековаға жауап қайтарды.

image.png

Керімбекова Сиви Махмұдиді, Абай Бегейді, Асхат Тарғынды нағыз әнші деп мойындамайтынын айтқан болатын. Бұған Сиви ханымның айтары бар.

"Мен бұл сұхбатты көрдім. Мен ғана емес, ата-анам бәріміз көрдік. Көрдік те қатты таңғалдық. Әрине, жүрегіме ауыр тиді. Себебі ол кісімен тойда да, қуанышта да бәрінде бірге жүретінбіз. Құттықтасып, жақсы араластық. Отбасымызбен араластық. Сондықтан мен де, ата-анам да неге олай айтты деп таңғалдық. Неге бетіме емес, сыртымнан ондай әңгіме айтты деп ойландық", - деді Махмұди Керек кісі арнасына бірген сұхбатында.

Сивидің айтуынша, Керімбекова жақсы араласып жүріп, жүрегіне қанжар сұққандай болған. 

"Менің негізі өкпем жоқ. Ол кісі өнерде салмағы үлкен әнші ғой. Мен туралы айтып жатқанынының өзі менің жай адам емес екенімді білдіреді, керісінше шабыт қосады. Димаш пен Қайратты да салыстырып жатты ғой бір кезде. Әнші, әнші емес деп бөлді. Бұл да сол сияқты. Бірақ жақсы араласып жүрген адамның бетке күліп, сырттан басқаша әңгіме айтқаны ауыр тиді. Адамгершілігі қайда қалды деп ойладым", - деді Сиви. 

Керімбекова сұхбатында Сивиді әнші ретінде мойындамайтынын айтқан еді. Алайда мұның адамгершілік жағына еш қатысы жоқ деп атаған болатын. Яғни, Сивиді басқа да өзі атаған әншілерді адамгершілігі жақсы, араласуға тұрарлық деп атады. Ал нағыз әнші ретінде көрмейтінін Сиви ханым түсіне қоймаған секілді.

«Өмірден өткенше өзімді қадірлейтін адам іздеймін» - Құрманай Бақтиярқызы
Мейрамбек Беспаев пен Тоқтар Серіков бір-бірін қалай еркелететінін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу