«Басымды ауыртқым да келмейді» - Ақбота Керімбекова ұтыс ойындары туралы
Қазақ эстрадасының белді мүшелері, танымал әншілер Ақбота Керімбекова мен Роза Әлқожа халықты оңдырмай алдады. Ұтыс ойнатқан әншілер, халықты бұл жолы 10 мың теңгелік лотореямен емес, 300 мың теңгеден 5 миллионға дейін баратын инвестициямен алдаған. Ақбота Керімбекова мен Роза Әлқожаның жарнамасына иланған жұрт миллиондарынан айырылғанын таласа жеткізуде.
Халықты екі ерке қызының ұтысы инвестициямен жалғасты. Бұл ақша табудың жаңа көзі ме, әлде халықты арбап-алдау ма? Ернар Айдар, Ақбота Керімбекова, Роза Әлқожа, үш әншінің де конкурсын ұйымдастырған бір мекеме.
Олар Оспанов Азат, Мұқият Саламат, Исатаев Мәди есімді азаматтар.
Салымы суға кетіп, ақшасынан айырылған халыққа енді кім көмек береді? Бұл туралы "Астарлы ақиқат" бағдаралмасында айтылды.
Ұтысқа қатысқандар екі әншіге сеніп, ақшасын құйғанын айтып ақталды.
- "Ақбота мен Розаға сенген соң, осы іске солардың қатысы бар болған соң сеніп ақша құйып отырмыз. Енді өздерінің қатысы жоқ екенін айтады? Біздің ақшамызды енді кім қайтарады", - деді қатысушы.
Инвестицияға кемінде 300 мыңнан бастап 5 миллион теңгеге дейін ақша салғандар бар. Заңгер Тілеужан Кішкенебаев осы ұтысқа қатысқан 80 адамның 300 мың 5 млн теңгеге дейін ақша аударып, енді қайтару үшін өзіне жүгінгені айтты. Ұтысты қайырымдылыққа балап жүргендердің әрекеті қаншалықты дұрыс?
Роза Әлқожаның айтуынша, ұтысты ұйымдастырушылар бұл ойынның адал екенін өздерінің намазхан жігіттер екенін айтқан. Әнші олардың сөзіне иланып, кейін бір шикіліктің барын сезіпті.
- "Маған өздеін намазхан жігіттерміз деп таныстырды. Ұлым жол апатына түскендіктен маған қаражат керек болды. Сондықтан 1 жарым млн теңгеге келістім. Жазып берген сөзін оқып жарнама жасадым. Үй алып, берді 7 млн теңгеге Мыңбаевтар отбасына үй алып берді. 3 отбасына көлік берді. Оны мен өзім хабарлап айттым. Олар Түркістан, Қарағанды, Атыраудың үш азаматы. Ешкім танымайды. Өздері де таңғалды. Көліктердің иесіне жетуін өзім қадағалап отырдым. Маған ұнамағаны билеттің көп сатылуы болды. 20500 билет сатылды. Инвестор тартқаны ұнаған жоқ. Инвесторларды шақырып алып, егер осының ақшасын берсе мен, мына видеоны түсірмеймін дей отырып ақшаны қайтартқызғанмын. Кейін өзім концертке дайындалуым керек болды. Жігіттердің де тірлігі ұнамай кетті. Сондықтан мен бұл ойыннан кетіп қалдым", - деді Роза Әлқожа.
Ал, Ақбота Керімбекова бұған басын ауыртқысы келмейтінін айтты.
- "Қанша рет бұл туралы айттық. Қанша рет ақталдық. Мен енді айтқым да, басымды ауыртқым да келмейді. Журналистер түймедейді түйедей етесіздер. Менің ақшаға қатысым жоқ, мен тек жарнамасына түстім", - деп ақталды Керімбекова.
Ұтысқа қатысушының бірінің айтуынша, ол 300 мың тіккені үшін оған қосымша сыйлықпен бірге 300 мың теңгесі қайтарылуы керек болған. Уәде бойынша солай. Алайда 300 мың теңгенің өзі қайтпағанын айтады. Жалпы, 20500 билетті 9900 теңгеге көбейтсек, пайдасы 200 миллион теңгеден асады. Бұл ақша кімнің қалтасына кетті? Халықтың ақшасы қалай қайтарылады. Ол жағы белгісіз.