Жұлдыз Айқынның алғашқы некесіндегі балаларына қатысты пікір білдірді
Жұлдыз Айқынның алғашқы некесіндегі балаларға пікір білдірді, деп хабарлайды ShowNewsKZ ютуб каналына сілтеме берген Oinet.kz.
- Сол ағасын жақсы көреді. Аға, аға деп жүреді. Аңсар да Санжарды інім деп жүреді, - дейді Жұлдыз Өмірғалиева.
Айқынның алғашқы некесіндегі балалары әкелерінен алшақтамауға бекінген. Балалардың анасы бөлек болса да олар бір-біріне бөтендікті сезінбейді. Тіпті, Айқынның екінші келіншегі Жұлдыз ұлы Аңсар мен Санжардың бір-біріне ұқсас тұстары барын байқағанын айтады.
- Ұқсайды. Аңсар мен Санжардың саусақтарында ұқсастық бар. екеуі де бір затты көрсеткенде саусағының ұшын майыстырып тұрып көрсетеді. Мен оны кейіннен байқадым, - дейді әнші Жұлдыз Өмірғали.