Нұржан Керменбев әйелі мен қызын перзентханадан шығарып алды

Oinet.kz 27-03-2020 1428

Жақында ғана үшінші мәрте әке атанған әнші Нұржан Керменбаев күні кеше әйелі мен сәбиін перзентханадан шығарып алды. Өнер иесі екі ұлдан кейін қызды болған. Қуанышы қойнына сыймаған әке көптен бері күткен қызына қандай есім бергенін де жасырмай-ақ айта салған деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

e9a3bc93-d5a6-4b02-8ccf-a92b736d2326.jpg

Нұржан Керменбаев екі ханшайымын үйге алып кеткенін өзінің Instagram парақшасында хабарлаған. Әнші келіншегі мен қызының перзентханадан шығу сәтін ек ет-жақындарының арасында атап өткен. Оған өнер иесінің жариялаған суреттері дәлел болмақ.

Екі ұлдан кейін қызды болған эстрада жұлдызы бұл жолы ат қоярда аса қатты ойланды. Ол тіпті өз жанкүйерлерінен ерекше есім ұсынуды сұраған болатын. Нәтижесінде әншінің таңдауы Тасним деген атқа тоқтаған.

- "Қызымыздың азан шақырылып қойған есімі “Тасним” болды. Яғни Тасним Нұржанқызы болды. Мағынасы-Жәннәттағы бұлақ атауы. Шүкір. Хэт трик жасаған үш баланың әкесімін. Арнайы уақытын бөліп келген барша жақындарымызға алғыс айтамыз. Осындай өмірде сыйлықтар жасаған Жаратушы Аллаға сансыз мақтаулар мен мадақтар болғай" , - деп жазды Керменбаев.

Оған қоса, жұлдызды әке үш перзентпен тоқтап қалмай, карантин уақытысында төртінші балаға әрекет етуге ниетті екенін айтты.

Айта кетейік, 20 наурыз күні Нұржан Керменбаев үшінші мәрте әке атанған болатын. Әншінің жары оған қыз бала сыйлады.

Мейрамбек Беспаев Отандық кинотуындыларды сынға алды
«Ел болам десең, эфиріңді түзе»: Нұрболхан Шарап «Қалаулымның» жабылуын тағы да талап етті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу