Нұржан Керменбаев қызына елде жоқ есім бермек

Oinet.kz 20-03-2020 5923

Отандық танымал әнші Нұржан Керменбаев екі ұлдан кейін қызды болды. Өнер иесі үшінші мәрте әке атанғаны туралы Instagram желісінде хабарлап, көпшіліктен сүйінші сұраған. Қуанышы қойнына сыймаған жұлдызды әке енді перзентіне қандай есім қоярын білмей жүр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

image.png

Нұржан Керменбаев отбасындағы қуанышты жаңалықты өз жанкүйерлерімен бөлісіп, олардан сәбиге ат қою бойынша көмек сұрады.

"Аллаға шүкір қызды болдық. Елдегі соңғы қайғылы жаңалықтардан шаршаған шығарсыздар. Ленталарыңызға қуанышты хабарыммен бөліскенді жөн көрдім. Жақсылыққа толы жаңалықтарымыз көп болғай. Не жыларымды,не күлерімді білмей отырмын. Есімін кім деп қояйық? Медина? Тасним?" , - деп жазды эстрада жұлдызы.

Желі қолданушылары мен қатар қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары қызды болған өнер иесін жарыса құттықтауда. Олар Керменбаев жазбасының астына өзінің ақ тілегін білдіріп жатыр.

"Бауы берік болсын. Еліне сыйлы қыз болсын" , "Бақытты әрі едені сау болсын. Тәтті балапанның қызығын көре беріңіздер" , "Мынадай қиын жағдайда дүниеге келген сәби бақыт әкелері сөзсіз. Осымен елдегі дүрбелең тоқтаса екен" , "Екі ұлдан кейін қызды болуыңызбен. Медина есімі жақсы келісетін сияқты" , -деп жазуда көпшілік.

image.png

Отандық шоу-бизнес өкілдері «Қалаулым» жобасына қарсы шығуда
Мейрамбек Беспаев Отандық кинотуындыларды сынға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу