Отандық әншілер коронавирустан қалай қорғануда?
Отандық шоу-бизнес өкілдері елімізде COVID-19 вирусына байланысты орын алған жағдайға асқан алаңдаушылық танытып отыр. Өнер иелері мемлекет басшысының ТЖ режимін енгізу туралы шешімін алғашқылардың бірі болып қолдап шықты. Оған қоса, эстрада өкілдері той-томалақтардан бас тартып, коронавирустан қорғану шарттарын барынша ұстанып жүр деп жазады KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.
Отандық өнер жұлдыздарды әлеуметтік желілердің көмегімен мемлекеттегі жағдайға қатысты өз пікірін білдіріп, көпшілікті бірге жұмыла сақтануға шақырып жатыр.
- "Әлемді айналып елімізге келген жағдайға бей-жай қарамайық.Сақ болыңыздар" , - деп жазды "МузАРТ" мүшесі Кенжебек Жанәбілов.
Мөлдір Әуелбекова өзге қазақстандықтар қатарлы супермаркетке барып, толтырып азық-түлік сатып алған. Сонымен қатар, әнші қай жерде жүрсе де бетпердесін шешпейтін болғын.