"Меломен" тобы өнердегі әріптестеріне ашулы
"Меломен" тобы өнердегі әріптестеріне ашулы. Шетелдегі демалысымен мақтанып, жөн-жосықсыз челендждер жасауды әдетке айналдырған отандық шоу-бизнес өкілдеріне қатаң ескерту жасады. Өнер иелері халықтың жағдайын біле тұра, оларды ашындырудың орнына дұрыс дүние жасауға шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.
"Меломен" тобының жігіттері өнердегі әріптестерінің бұл әрекетін мүлдем қолдамайтынын айтты.
- "Болмайтын челлендждер бар. Бөтелке тебеді, суретке түсе береді. Мальдив аралдарына барып, үздіксіз фото бөліседі. Енді, расында ол жерге бару әркімнің қолынан келе бермейді. Сондықтан халықты ашындырмау керек деп ойлаймын. Оның жанын біз гастрольдік сапармен есті дүние жасап, халықтың жағдайы мен тұрмыс-тіршілігін көрдік" , - деді олар.
Өнер иелері бүгінде концерттер беруден бөлек, ерікті болып мұқтаж жандарға барынша көмектесіп жүргендерін алға тартты. Меломендіктер өзге жұлдыздарға мәні жоқ дүниемен айналысқанша, жақсылық жасап жарысуға шақырды.