Али Оқапов елден не жасырып жүр?

Oinet.kz 21-02-2020 2565

Отандық танымал әнші Әли Оқапов жаңа әрі тың форматта бейнебаян түсіріп жатыр. "Бұзық" деп аталатын әніне бейнебаян түсіріп жатқан әнші, бұл бейнебаян жарыққа шыққанда көрермендерді естен тандырары сөзсіз дейді. Бұл туралы ол Shownews.kz порталының Ютуб каналында берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Oinet.kz. 

33136832_213658789244488_2659975071497453568_n-620x466.jpg

- Кішігірім, тіпті шу болуы да мүмкін. Өйткені, осы "Бұзық" әніне дейін менің сахнадағы бейнемді білетін шығар енді тыңдармандар. Мінсіз, тәрбиелі, бәрі жақсы, қарапайым дегендей. Сондай ашық және биік сезімдер туралы айтатын. Әлидің басқа қыр-сырын көрсетпекшіміз. Сынауы да мүмкін, түсінбеуі де мүмкін. Бірақ, ол да мен үшін өнер, - дейді әнші Әли Оқапов. 

Әншінің айтуынша, ол бірсарынды ән мен стильден шаршаған көрінеді.

- Менің шығармашылығымда, менің образымда жаңашылдық керек екендігіне көзім жетті. Осыған дейін, 8 жыл бойы бірқалыпта болған Әлидің өзгергені таңқалдыратын сияқты, - дейді әнші.  

Димаш Қайратты өнер сахнасынан шетке сырды
Айнур Нурсеитова: «Үшінші күйеуімді екі жыл асырадым»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу