Алтынай Жорабаева тойда билеймін деп елдің сөзіне қалды
Отандық шоу-бизнестегі жарық жұлдыздардың бірі Алтынай Жорабаева желіде қызу талқыға қалды. Тойда бидің түбін түсірген өнер иесі көпшілікке жақпай қалса керек. Алайда, әншінің биіне тәнті болғандар да жоқ емес.
Алтынай Жорабаева тойшыл қауымның ортасында билеген видеосын Instagram парақшасына жүктеп қойған.
Эстрада жұлдызы бишілер билеп жатса да, өзін ұстай алмай олармен қосыла билегенін айтты.
"Негізі ортада бишілер билеп жатыр. Мен, сол өзімді ұстай алмай" , - деген жазба қалдырды әнші видео астына.Шоу-бизнес өкілінің бұл әрекеті желідегілер арасында қызу пікірталас тудырды.
Бірі өнер иесінің биіне тамсанса, енді бірі керісінше оны аяусыз сынаған. Олар көпбалалы ананың қылығын аса ерсі санап, оған ақыл-кеңесін де беріп өткен.
"Керемет, не деген пластика" , "Биі өзіне жарасымды, ешбір ерсілікті көріп тұрғаным жоқ" , "Арықтау керек сізге, үлкен көрінесіз" , "Не деген керемет би, жарасып-ақ тұр" , "Алтынай сізге көңілді жүрген жарасады" , "Қылығыңыз ұнамсыз" , "Ерсі екен мынадай әрекет" , "Салмақты болған көбірек жарасады, не дегенмен қыздарыңыз өсіп келеді ғой , - деп жазған көпшілік.Айта кету керек, бұған дейін Алтынай Жорабаева "қара жұмаға" қатысты азуыл жазба жариялаған болатын.