Жайнамаз ашық қалса не болады?

Oinet.kz 03-10-2019 6021

Screenshot_5.jpg

   Жайнамаздың бетін ашық тастауға болмайды, шайтан намаз оқып кетеді,- деп бір  шетін қайырып қойғандарын бірнеше рет көргенмін. Қарап тұрсаң, мүлдем ақылға қонымсыз түсінік емес пе? 

Біріншіден, Алланың қарғысына ұшыраған ібілістің намаз оқуы мүмкін бе?

Екіншіден, мешіттерде жердегі төсеніштер жайнамаз түрінде жасалады. Оларды жинап яки әрқайсысының шетін қайырып жүргендерді көрмеппін. 

  Шариғатымызда жайнамаз ашық не жабық тұрсын деп арнайы бекітілген үкім жоқ. Демек, бұл адамдардың ойдан шығарған негізсіз пікірі. Егер жайнамаз жұқа болса жинап қояды, ал қалың болса төселіп тұра береді. Бір бұрышын қайырып қоюдың еш қажеті жоқ.

Апамның айтқандары
Арман Қуанышбаев: «Жетісін, жылын, қырқын беру деген шариғатымызда жоқ»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу