Әкесін тура жолға салған бүлдіршін
Малик Ибн Динар деген бір ғалым болған екен. Ол кісі өте үлкен ғалым және "Мухаддис" деген атаққа ие болған. Өзінің ғасырында "Мынау" деп көрсететін шың ғалым болған адамдардың бірі. Дегенмен Алланың тура жолына әркім әр қалай келеді емес пе?! Ол кісі өзінің осы Алла жолына келуін мына бір қызықты әңгімемен айтады:
Күндердің күні мен Алладан безген, қарақшы, қанды балақ, баукеспе едім дейді. Базарға барып, дүкендерге барып адамдарды тонайтынмын. Солардың заттарын тартып алғаныма мәз болып, рахаттанып жүретін едім дейді.
Күндердің күні сол әдетіме қарай бір базарға келіп, дүкеншінің бір заттарын алайын деп жанына келсем, әлгі дүкеншіден бір кісі кәмпит сатып алып жатыр екен. Сол кісі жалынып дүкеншіге былай дейді "Ойбай-ау бауырым, маған көбірек берші, көбірек кәмпит берші, тағы да 3 , 4 кәмпитіңдi де қосшы. Өйткені менің кішкентай ғана қызым бар, әдемі ғана кішкентай қызым бар, қызыма көп кәмпит алып барсам, қатты қуанып қалады"-деп жалынып жатыр дейді. Мұны естіп мен қатты қызыға бастадым дейді. Е Алла, маған да осындай бір тәтті перзент берсең, менде оған осылай кәмпит сатып алып беріп жүрсем екен дейді, бірақ, қайдан ғана оған біреу кызын беріп, одан перзент сүйсін?! Сондықтан ол өзінің жағдайын дұрыстай бастайды. Қарақшылығын қойып, халықпен араласып, олармен бірге базарда сауда жасап, тіршілік ете бастайды. Бірақ, жұрт қатарлы жүргенімен де намазға деген, Аллаға деген сөзі жоқ еді. Сонда да ел мені "Ее баяғы ісін қойыпты, мынау Малик деген кісі өзінің жаман тірлігінен жақсыға бұрылыпты"- деп сыйлай бастайды. Сол арқылы мен бір Алла бұйырған қызға үйлендім. Алла ниетіме берген шығар дейді. Алла ол кісіге бір әдемі ғана, тілі тақылдап тұрған, керемет ақылды қыз перзент береді. Оның есімін "Фатима" деп қояды. Фатима кішкентай кезінен 8 айлық кезінен тез тілге келеді. Тез арада сөйлеп, Әкесін тура жолға жетелей береді. Күндердің күні мен арақ ішіп отырған кезімде қызым келіп, "Әкетай, сен асқар таусың ғой, сен осындай биік шыңсын ғой! Саған арақ ішкен жараспайды. Арақ ішпеші, енді ішпеймін деп уәде берші" деп қолымнан жетелей берді. Қатты ұялғаным сонша, әлгі шишаны алдым да, жерге бір-ақ қойдым. Содан бері мен ішуді доғара бастадым.
Күндердің күні Мешіттің жанынан өтіп бара жатыр едік, бір уақытта мешіттен азан айтылып қалды. Фатима қызым қайтадан қолымнан ұстап, тоқтай калып, "Әкетай, жұрттың барлығы мешітке барады, жұрттың барлығы Алла деп жүреді, сіз неге бармайсыз? Мені алып барыңызшы ішіне, көрейінші не бар ішінде?! Яғни осы сөздерінен мен тұра алмай, оны мешітке алып кірдім. Жұртпен қосылып басымды сәждеге тигізіп, намаз оқи бастадым дейді. Бірақ, бірақ Алла тағала тағы да бір "Сын" жолдаған еді.
Күндердің күні Фатима қызы дүние салады. Расында да бұл үлкен қайғыдан Малик Ибн Динар айтады, қатты бір тау құлағандай болды, бүкіл дүние қараңғы болып кеткендей болды. Енді баяғы ішкен ішкен ба... Мен енді есімнен танып құлағанша арақ іше бастадым дейді. Әбден араққа салынып, Майханадан шықпай қояды. Сол әдетімен мас болып, үйіне келіп құлайды. Сөйтіп жатып, бір керемет түс көреді. Түсінде бір аждаhа тістерін ақситып, тілін қайта қайта жалақтатып келіп қалады. Орымнан тұрып қаша бердім дейді. Бірақ ол жайлап артымнан балпаңдап еріп берді. Мен қаша беремін, ол ере береді. Жүгіріп келе жатып бір шалға жолығып қалдым дейді. Әлгі шалдың жасы 100 ге таяп қалған, қаусаңдап қалған, Әбден қалжырап біткен, қолындағы аса таяғын зорға ұстап тұрған бір шал екен. Жанына келіп "О ата, көке, маған жәрдем берші деп жалына бердім. Бірақ ол кісі айтады, "Әй менің қауқарымды қарашы, менің жағдайымды қарашы, менің оған ешқандай күшім жетпейді ғой"-деп өзін көрсете берді. Мен айттым дейді, "ата, көке, еш болмағанда бір құтылатын жол көрсетші" дедім. Ол шал кісі "Әй ондай болса былай қарай" деп бір жақты сілтеді. Мен содан қаша бердім. Бір кезде, бір таудың баурайына келіп қалыппын. Әлгі таудың баурайында жас нәрестелер, сәбилер ойнап жатыр екен. Сол сәбилерге назар сала бергенімде, ішінен Фатима кызым мені тани қойып "Әкетай" деп, жүгіріп келіп мені құша бастады. Өмірдегідей, осы дүниедегідей мен оны иіскелеп, маңдайынан сүйіп, бетінен сүйіп, аймаладым. Бір кезде әлгі аждаhа есіме түсіп кетіп, артыма қарасам, ол келіп қалыпты. Содан Фатима қызыма не істерімдi білмей қарадым. Сонда Фатима қызым мені бір қолымен ұстап, екінші қолымен әлгі аждаhаға "Кет" деген ым жасады дейді. Әлгі аждаhа ысылдап, ысылдап тұрды да, кері қайта кетті. Сол кезде Фатима қызымнан сұрадым "Мынау не нәрсе, бұл қалай болғаны" десем, Фатима қызым айтты, "Әкетай, сенің істеген жаман амалдарының көптігі сонша, аждаhа болып кетті, жақында сені жұтып қоятын болды. Ал анау шал болса, бұл дүниеде жасаған ізгілік, жақсы амалдарың. Сол ізгі жақсы амалдарың аздығы соншалықты ешнәрсеге күші келмейтін, қауқарсыз бір шал іспеттес болып қалған"
Сол кезде таудан Құранның аяты құлағыма жарқын естілді. "Ей, иман келтіргендер Алла тағалаға пәк көңілден тәубе етіңдер" дейді...
Оянып кеттім. Оянсам қатты тершіп кетіппін дейді. Содан жалма жан ғұсыл құйынып, Бамдат уақытын күттім. Әп сәтте-ақ азан айтылып жүгіре мешітке бардым. Мешітке барып сапқа тұра намаз оқысам, Алла тағала Имамның ауызына салды ма, Имам да "Ей, иман келтіргендер Алла тағалаға пәк көңілден тәубе етіңдер" деген аятты оқи жөнелді. Бұл аят маған тура оқтай жүрегіме қадалып, сәждеге бас қойғанымда, еріксіз көзіме жас келіп жылай бердім деген екен. Ол кісі айтады "Егер, егер осы кезде мен есімді жиып, Алланың тура жолына түспегенімде, Құдай біледі, осы күйі дүние салып кеткен болар ма едім, осы күйі Алланы танымай, өзімнің күйігіммен кетіп қалған болар ма едім"-дейді.