Садақаның түрлері

Oinet.kz 31-07-2019 2061

43180442.jpg

 Аллах разылығы үшін жасалған әрбір жақсылық садақа болып табылады. Хадис шәрифтерде былай делінеді: ⠀  

 1.Өзіне және бала-шағасына жұмсағандарының бәрі-  садақа.(Байхаки) ⠀ 

 2.Әрбір жақсылық – садақа. (Тирмизи) ⠀ 

 3.Жақсы сөз – садақа. (И. Ахмед) ⠀ 

 4.Жылы жүзбен сәлем беру – садақа. (Байхаки) ⠀

 5.Дін бауырына жылы жүзділік таныту – садақа. (Тирмизи) ⠀

 6.Бір ағаштан желінген немесе ұрланған нәрселер, сол ағашты    отырғызған адам үшін садақа болады. (Муслим) ⠀

 7.Біреуге жақсы нәрселерді үйрету, жамандықтан тыю, сұрағанға жол көрсету, көшедегі зиянды нәрселерді тазалау садақа болады. (Тирмизи) ⠀

 8.Мешітке бара жатып басқан әрбір қадам – садақа. (И. Ахмед) ⠀9.Өлімді еске алу – садақа. (Дәйләми) ⠀

 10.Қарыздар кедейге қарызын қайтару үшін уақыт берген адамның әрбір күні садақа. (Табарани) 

 11.Жолынан адасқанға жол көрсету – садақа. (Ж. Сағир)

 12.Жұбайына қызмет ету – садақа. (Дәйләми) 

 13.Ерлі-зайыптылардың бірге болуы – садақа. (Муслим) ⠀ 

 14.Харамнан сақтанатын адаммен кеңесу – садақа. (Дәйләми)     ⠀15.Жамандық жасаудан сақтану – садақа. (Ибни Әбиддүнийа) ⠀

 16.Қарыз беру – садақа. (Табарани) ⠀ 

 17.Салем беру – садақа. (Бұхари) ⠀

 18.Садақа 70 түрлі бәленің алдын алады. Бұлардың ең жеңілі алапес ауруы (Хатиб) ⠀ Садақа жасап, жақсылық жасап жарысайық! ⠀


Cпорт бұйымдары мен ойын - сауық құралдары туралы жұмбақтар
Адал жардың дұғасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу