Балақ қысқарту дұрыс па, бұрыс па?
Әміре Ерсін Бекайдарұлы
теолог-дінтанушы:
___________________________________________________________________
Қазіргі таңда мешіттегі жамағаттар арасында дау-дамайға себеп болып жүрген «балақ қысқарту» мәселесі негізгі күрделі мәселеге айналып барады.
Бұл мәселеге қатысты дұрыс айтты немесе қателесті, яғни дұрыс қате деген шеңберден шығарып жіберіп, ақиқат немесе адасу деген шеңберге кіргізіліп жіберген. Ал, шариғатта балақ қысқарту үкімі қандай?
Қазіргі таңда кейбір адамдар бір-бірінің тақуалығы, пайғамбарымыз (c.а.с.) сүннетін сүю-сүймеуді, ұстану-ұстанбауды балақ қысқартуыңызбен өлшейтін болды.
Шариғатта бұл мәселеге қатысты қандай хадистер келеді, соған тоқталып өтсек.
Біріншіден, біздің дініміз адамды тәкаппарлықтан қайтарады, себебі тәкаппарлық тек қана Алла Тағалаға ғана жарасады. Мысалы, Алла Тағала Құран Кәрімде: «Рахманның құлдары жер бетінде сыпайы жүреді», - деді.
Алла Тағала оларды тәкаппар адамдарша жүруден қайтарды. Лұқман Аль-Хаким (дана Лұқман) өзінің ұлына: «Жүрісіңде орта бол!», - деді. «Кімде - кімнің жүрегінде зәредей тәкаппарлық болса, ол адам жәннатқа кірмейді», - деген. Пайғамбарымыз (c.а.с.)-ның хадисінде. Алла Тағала Құран Кәрімде Лұқман (а.с.)-ның сөзін келтіреді (Алла Таъаланың кәләмы): «Алла Тағала әрбір даңдайысыған мақтаншақ, тәкаппарды жақсы көрмейді», - дейді.
Мұхтәл – жүрісінде, іс – әрекетінде тәкаппарлық көрінетін адам. Фәхур – сөзінде тәкаппарлық жасайтын адам. Мысалы, «Білесіңдер ме, мен кіммін, менің қандай рудан шыққанымды? Менің әкем кім?»,- деген сияқты, бұл сөзінде тәкаппарланатын адам. Біздің дініміз тәкаппарлықтың кез–келген көрінісінен қайтарады.
Пайғамбарымыз (c.а.с.) кезінде қиын заман болды. Қазіргі заманның кедейінің кемінде үш немесе төрт көйлегі, шалбары бар болатын болса, ал ол замандағы адамдар, бір көйлек таба алмайтын еді, әуретін (ұятты жері) жабуға ғана маталары болатын. Кейде біреулері өзінің әйелімен киімін ауысып киетін кездер кездескен. Сол кезде адамдар бір метр матаны таба алмай жүргенде, бай адамдар өздерін көрсету үшін артық матаны артына сүйретіп, салбыратып жүретін болған. Бұл - ақшасы бар екеннің белгісі. Қазіргі кезде адамдар өзінің байлығын қымбат көлік, ұялы телефон, сағатпен көрсетсе, ол кезде артық мата сүйреп жүрумен байлығын көрсеткен.
Пайғамбарымыз (c.а.с.) адамдардан тәкаппарлықты киімін сүйреп жүруден қайтарды. Ал егер ол тәкаппарлықпен ниеті болмайтын болса, киімі жерге тиген, тобықтан төмен түсуі харам емес екеніне, Қияметте азапқа душар болмайтынын Пайғамбармыз (с.а.с) өзінің хадисінде меңзеп көрсетті. Енді Пайғамбарымыз (c.а.с.)-ның да киімінің тобықтан түскендігі, кей сахабалардың киімдерінің тобықтан түскендігіне тоқталайық.
Бірінші, имам Бухари Абу Бакр (р.а.)-дан риуят етеді. Абу Бакр: «Пайғамбарымыз (c.а.с.)-ның заманында күн тұтылды. Пайғамбарымыз (c.а.с.) сол күн тұтылған кезде киімін сүйретіп үйінен мешітке шықты. Адамдар мешітте жиналған соң екі ракаъат намазды бірге оқыды, сосын күн ашылды», - деген.
Имам Нәсәуидан келген риуятта «Пайғамбарымыз (c.а.с.) киімін сүйретіп келді. Хусуф намазын оқиды, сосын күн ашылды», - дейді. Ал бір ғұлама былай айтады: «Алла Тағала бізге күн тұтылғанда күнді ашатын аппарат берген жоқ, бірақ күнді ашатын намаз берді, жаңбыр жаудыратын аппарат берген жоқ, жаңбыр жаудыратын намаз үйретті», - деген. Бұл - сондай намаздардың бірі.
Имам Муслим риуят етеді Ъибран Хусейн (р.а)-дан: «Пайғамбарымыз (c.а.с.) ъаср намазын оқыды, үш ракаъаттан сәлем беріп қойды (кей риуяттарда екі ракаъаттан), кейін үйіне кіріп кетті». Сонда Хирбақ деген кісі пайғамбарымыз (c.а.с.)-ның артынан кіріп: «Я, Расулалла! Намаз қысқарды ма, әлде ұмыттыныз ба?» – деп сұрайды. «Пайғамбарымыз (c.а.с.) ашуланып киімін сүйретіп үйінен шықты. Мешітке келіп, адамдардан рас айтып жатыр ма деп сұрайды...» Енді бұл жерде пайғамбарымыз (c.а.с.)-ның киімін сүйретіп келгенін сахабалар осы хадистерде жеткізіп жатыр.
Имам Муслим, имам Ахмадтар Абу Сағид Худродан риуят (р.а.) етеді: «Пайғамбарымыз (c.а.с.) Ъайтбән (р.а.) - дың есігінің алдына келіп, айқайлап шақырды. Ол изарын сүйретіп шықты», - дейді.
Изар-белден байланатын киім, рида–үстіне пайдаланатын киім. қазіргі арабтардың біркелкі, бастан – аяққа дейінгі ұзын киімі емес).
Имам Бұхари (р.а.) өзінің «түс жору» кітабында, имам Муслим өзінің сахихында риуят етеді. «Пайғамбарымыз (c.а.с.) түс көреді. Түсінде Омар (р.а.) алдынан өтті дейді. Оның үстінде киімі бар еді, киімін сүйретіп кетіп бара жатыр еді. Сонда пайғамбарымыз (c.а.с.) – нан қалай жорыдың дегенде, «ад-дин» (дін деп жауап береді)», - деген. Яғни, бұны ол харам іс, басқа деп жорыған жоқ.
Имам Тирмизи (р.а.) Абдулла ибн Зәйд (р.а.) –дан риуят етеді: «Омар (р.а.) Біләл (р.а.)-дың намазға шақырған азанын естіген кезде, пайғамбарымыз (c.а.с.) –ға изарын (киімін балағын) сүйретіп келді», - дейді. Имам Тирмизи (р.а.) бұл сахих хасан хадисінде: Пайғамбарымыз (c.а.с.) бұл жерде де изарды сүйретуді жоққа шығармады.
Имам Малик Муатта кітабында сахих иснадпен Ура ибн Зубәйрдан келтіреді.
Хаулә ибн Хаким Омар (р.а.)- ға келіп айтты дейді: «Робиъа ибн Умәйа бір әйелмен мутоъа (уақытша неке) жолымен қосылды, әйел көтеріп қалды. Омар (р.а.) ашуланып, киімін сүйретіп шықты», - дейді. Бұл жерде Омар (р.а.)-дың ояу кезінде де, пайғамбарымыз (c.а.с.) –ның түсінде де, киімін сүйретіп жүргенін көреміз.
Имам Ахмад ибн Ханбал өзінің муснәдында 5 том, 166 бетінде Әбу Зарр (р.а.)-дан келтіреді, Әбу Зарр (р.а.) айтады: Пайғамбарымыз (c.а.с.) айтады: «қайсібір пенде «Ля иляһа илла Алла», - десе, кейін сол сөзбен өлетін болса, жәннатқа кіреді», - деген сөзді айтты, сол кезде Әбу Зарр (р.а.) киімін сүйретіп шықты деп айтқан.
Имам Ахмад ибн Ханбал өзінің муснәдының және басқа жерінде 4 том, 195 ші бетінде хасан (жақсы) жолымен келтіреді, Шурахбил ибн Хасана Амр ибн Ас (р.а.)-ға айтқан сөзін, хадисін қайтарады: «Киімін сүйретіп, аяқ-киімін қолында ұстап келді.», - деп келтіреді.
Имам ибн Аби Шәйба өзінің муссонафында 6 том 27-ші бетінде «киім кітабында» былай, сахих жолымен келтіреді: Имам Хафиз ибн Хаджар Асқолани Фәтхал-Барида осы хадистің жолы жақсы дейді. «Абдулла ибн Насро киімін, изарын түсіріп жүретін еді», - дейді.
Ол кісіге айтылады, «не үшін бүйтіп істейсің деп», - сұрады. «Менің балтырларым жіңішке»,-деп жауап береді. Абдулла ибн Насроның балтырлары шынында да, жіңішке еді.
Бірде ол талға шыққан кезде сахабалар көріп қалады да, Абдулла ибн Насроның аяғының жіңішкелігін көріп, сахабалар күлген.
Пайғамбарымыз (c.а.с.): «Несіне күлесіңдер? Бұл аяқ Алланың алдында Ұхұдтан да ауыр болады», - деген. Ол кісі сол балтырлары өте жіңішке болғандықтанда киімін түсіріп жүретін болған. Егер киімді түсіріп жүру, ешқандай тәкаппарлықсыз харам болғанда, онда балтырың жіңішке болса да, жуан болса да, ол рұқсат етілмес еді. Тағы да басқа да көптеген хадистерде келеді, сахабалардың киімдерінің жерге тиіп, сүйретіліп жүргені жайында.
Имам Хаким өзінің «Мустодрак» атты кітабында Уафила (р.а.)-дан келтіреді, Абдулла ибн Хабаб (р.а.)-дың киімін сүйретіп жүрген имам Ахмадты муснәдында келеді. Абу Иаляда пайғамбарымыз (c.а.с.) – ның алдында бір кісінің киімінің сүйретіп жүргені жайында, көптеген сахабалардан олардың киімдерінің сүйретіп жүргендігі, олар тәкаппарлық болмаған кезде, киімдері жерге тигенін турасында, хадистер көреміз және пайғамбарымыз (c.а.с.) сахабалардың изары түсіп жүргенін көрген кезде айыптамады.
Пайғамбарымыз (c.а.с.)-нан келетін басқа бір хадистер бар. Хадистерге тоқтала келгенде мағынасы сахих хадистер тобықтан төмен түскені тозақта деп келеді.
Тағы басқа хадистерде, «тәкаппарлықпен киімін сүйретіп жүрсе», - оның үкімі ғалымдарымыздың пікірі бойынша бұл хадистерде егер киім тәкаппарлықпен түсетін болса харам болатындығын, егер тәкаппарлық болмайтын болса, харам болмайтындығын түсінген.
Себебі, хадистер бір-бірін толықтырады. Бір жерде пайғамбарымыз (c.а.с.) тәкаппарлықты айтпастан киімін түсіріп жүрсе десе, екінші бір жерде тәкаппарлықпен деп айтады.
Яғни хадистер бір жерде мутлақ ал басқа жерде муқоят келеді. Усул Фикһта ереже бар, мутлақ хабар келсе, екінші бір хабар келіп, немесе тура сол бір хабардың өзінде тақиит келетін болса, сол тақитпен амал етіледі.
Мутлақ -дегеніміз не?
Бұл -Усул Фикһта ереже. Ғұламаларымыз Құранда, хадисте келген сөздерді қалай түсіну керек деген кезде, осы мәселеге де тоқталады. Кейде хадистер немесе аятттар бір нәрсені бұйыруды көрсетеді.
Муқоят -дегеніміз не?
Бұл (тақиит) – бір сипатпен, санмен, басқамен шектеу. Мысалы Алла Тағала Құран Кәрімде : «Алла Тағала сендерге сиырды бауыздауды бұйырады», - дейді. Ибн Аббас (р.а.) айтады, егер олар Муса (а.с.) – ның әмірін естіген кезде, кез-келген сиырды сойғанда, сол джайз болар еді, бірақ өздеріне қиыншылық тудырды. Алла Таъала оларға қиыншылық салып қойды. Муса (а.с.) – ның айтқаны «сиыр сойыңдар», сол бауыздалған сиырдың аяғымен өлген адамды ұрыңдар, сонымен ол адамға жан бітеді, өзін кім өлтіргенін айтып береді».
Алла Тағала осыны уахи етеді. Мутлақ - сиыр ешқандай шектеумен келген жоқ. Олар келді де, өздері сиыр көп-қой, бізге нақты бір сиыр, түсі қандай деді?. Аят түсіп, сары деді, ол тағы қандай деп еді, жас та емес, кәрі де емес деп келді. Жоқ, ондай көп-қой, бізге нақты сипат берсін деді, жұмысқа салынбаған деді. Олар өздеріне қиындатты. Міне түскен аятта мутлақ, кейін тақит кірді. Ғұламаларымыз айтады сипат бұл шектеу. Мысалы, біз адамзат дейтін болсақ, немесе инсан дейтін болсақ, жер бетіндегі 6 млрд. адам кіреді. Инсан муслим десе 1,5 млрд. адам кіреді, шектеу сөз. Инсан муслим казахи дейтін болсақ, онда 6-7 млн. болып қалады. Инсан муслим казахи мультәзи мусоллин дейтін болсақ, (намазхан) дейтін болсақ, онда ол тағы да қысқарады. Ұлы жүз, кіші жүз дейтін болсақ, тағы да қысқара береді. Яғни, сифат деген бұл-шектеу. Мысалы, дәрігер дейтін болсақ, кез-келген дәрігер кіріп келеді, бірақ Алматы қаласындағы хирург дейтін болсақ шектеліп қалады.
Әрбір сипат – ол шектеу. Кейде бір аят, хадис ешқандай шектеусіз келеді де, екінші тура сондай аят сипатпен келеді, оны тақит дейді, яғни, бір сипатпен шектеу. Екі аят немесе хадис бір мәселеде келетін болса, онда екеуін жинап, толықтап үкім шығарады. Олар айтады, мутлақ келген хадистерді муқоят хадистермен тапсірлейміз дейді.
Сонда екі хадисті тәпсірлеген кезде, оның мағынасы: «кім тәкаппарлықпен киімін түсіріп жүрсе деген мағына шығады», - дейді. Бұл мутлақ, муқоят деген Құранда да, хадисте де көп келеді. Мысалы, Алла Тағала Құран Кәрімде бізге харам етілген әйелдердің түрін айтқан кезде: «Сендердің қолдарыңдағы қосылған әйелдердің қыздары», - деді, яғни, үйінде ұстап отырған. Бұл жерде қолдарыңдағы деген, үйіңде үйленген әйеліңмен бірге қызы тұрып жатыр. Бұл жерде екі қойт келіп тұр. Бірі үйлеріңде болған, екіншісі қосылған деп тұр. Бірінші үйлеріңде деген қойт негізгі қойт емес, шектеу емес, көбінше қолында болады. Егер қызы сізден бөлек, әкесімен тұрса да сізге харам болады. Себебі аяттың жалғасында «Егер сендер қосылмаған болсаңдар, онда үйленуге оқасы жоқ», - деді, бірақ артынан үйлеріңде болмаса деп келген жоқ. Бұл жерде қолда тұру көбінше қызы анасымен тұратын болғандықтан келген.
Қосылған деген сипат қойт–шектеулі. Басқа бір аят: «Кімнің алдыңғы кәффараттарының түріне шамасы келмесе, 2 ай ораза тұтсын», - деді. 2 ай оразада муқоят келеді. Бұның бәрі шектеу. Бұл бір аятта келу, бір мәтінде.
Құранның басқа аяттарында: «Сендерге харам етілді өлексе, қан және доңыз еті», - деген. Бұл жерде қан деп тұр – мутлақ, ешқандай бір сипат келмеген. Бірақ басқа бір аятта бұған Алла Таъала бұған тақиит жасайды.
Пайғамбарымыз (c.а.с.) басқа бір хадисінде де: «Бізге екі қан, екі өлексе халал етілді», - деді. «Екі қан – бауыр және талақ, екі өлексе – шегіртке мен балық халал», - етілді.
Фиқһта мынадай сұрақ бар: Бір мұсылман адам, оны ешкім мәжбүрлемстен қарны аш, мұқтаж болмаса, сонда да бауыздалмаған өлексені жейді, бірақ күнәһар болмайды. Ол қалай? Жауабы: Балық жесе, өліксе балық адал болып табылады.
Тағы бір фиқһ сұрақтардың бірі, бір адам бір намазда 4 рет ташаһудке отырады, ол қандай намаз?-деді. Жауабы: Шам намазы.
Муқоятқа тағы бір мысал, Құранда Алла Тағала айтады: «Алла Таъала (ант беру) үшін сендерді жазғырмайды, бірақ әдейілеп ант ішсеңдер, оның кәффараты бар. Оның кәффараты міскінді тамақтандыру немесе оны киіндіру, құл азат ету, кімнің шамасы келмесе үш күн ораза ұстау». Енді бұл үш күн ораза қалай тұтылу керек? Ханафи мәзхабында үш күн қатарынан ұстау керек. Олар бұл мутлақ аятты немен тақиид жасайды? Шәәз кироъатпен, ибн Масғудтын кироъатында келгені артын-артын деп келеді. Олар қироъ а шәәзза тақиид жасауға жарайды деп келеді.
Бір хадистерде келгені жалпылама болса, екінші бір «хадистерде кім оны тәкаппарлықпен», - деген, яғни екі түрлі хадис бір мәселеде көрініп тұр, онда жалпылама келген хадисті тәкаппарлық айтылған хадиспен шектейміз. Сонда оның мағынасы қалай шығады? Кім тәкаппарлықпен киімін сүйретіп жүретін болса, онда тобықтан төмен түскені тозақта. Басқа бір хадистерде келгендей, «Алла Тағала оған назар салмайды», - дейді. Тафсирінде (түсіндірмесінде) Алла Таъала оған рахмат назарымен қарамайды, оны рахмат етпейді деп келеді.
Тәкаппарлықпен болмаса рұқсат екендігіне тағы бір дәлел. Пайғамбарымыз (c.а.с.) – ға Абу Бакр (р.а.) келеді, - «Я, Расулалла! Мен егер көңіл бөліп көтеріп жүрмесем, киімім түсіп кете береді», яғни киетін киімі жерге тиеді. Ол кісі семіз болмаған, арық болған, сол үшін де, киімі түсіп кете береді. Абу Бакр (р.а.) осы хадистерді естігеннен кейін «пайғамбарымыз (c.а.с.) – ға келіп, киімім түсіп кете береді», - деді. Не істеймін? Мен такапарларлар қатарына кіріп қалмаймын ба? – деді. Сонда пайғамбарымыз (c.а.с.): «Сен оны тәкаппарлықпен істеушілерден емессің» –деді.
Енді харам дейтіндер, - Жоқ, бұл жерде сендер үшін ешқандай дәлел жоқ! Себебі Абу Бакр (р.а.) айтып жатыр, «мен оны әдейі түсірмеймін, түсіп кете береді»,- деп жатыр. Пайғамбарымыз (c.а.с.) Абу Бакр (р.а.) -ге «ол тәкаппарлықтам емес», - деді. Егер арықтап кетіп, түймең түсіп қалып, шалбарыңның өлшемі үлкен болып немесе белбеуі болмай түсіп кетіп жатса, жарайды деп айтады, онда сенде Абу Бакр (р.а.) – дың үкіміне кіресің. Себебі Абу Бакр (р.а.) – да сол жағдай болды, ол әдейілеп түсірген жоқ.
Пайғамбарымыз (c.а.с.) оған: - «Сен оны тәкаппарлықпен істеушілерден емессің», – деді. Енді қараңыздар, бұл жерде ол кісілер осы сөзбен жауап беріп жатқан кезде қатеге түсіп жатыр. Қай тұрғыдан? Себебі олар қойтті немесе ъилланы Абу Бакр (р.а.) – дың сөзінен іздеп жатыр. Ал негізі пайғамбарымыз (c.а.с.) – ның сөзінен қарау керек. Пайғамбарымыз (c.а.с.) Абу Бакр (р.а.) – дың сұрағынан кеңірек жауап беріп жатыр. Пайғамбарымыз (c.а.с.) – ның жауабы сұрақтан кеңірек. Кейде Құранға, хадиске қарайтын болсаңыз, сұрақ келеді, сұрақтан жауап кеңірек болады. Мысалы, пайғамбарымыз (c.а.с.) – нан келетін хадис бар – «Оның суы таза, өлексесі халал», - деген. Пайғамбарымыз (c.а.с.) – нан сахабалардың сұрағы қандай болған еді? Олар: - «Кейде біз кемеге мініп жолға шығамыз, ішетін суымыз аз болады, сол кезде теңіздің суымен дәрет алсақ бола ма?» – деді. Пайғамбарымыз (c.а.с.) – ның жауабы сұрақтан кеңірек болды. «Оның суы таза және өлексесі халал», - деді. Сахабалар өлексе жайында сұрамаған еді. Пайғамбарымыз (c.а.с.) сұраққа кеңірек жауап берді.
Мысалы, Құранда да келеді, - «Айт! Сол нәрседен сендерді Алла құтқарады және кез-келген қиыншылықтан басқа». Сұрақтан жауап кеңірек келіп жатыр. «Пайғамбарымыз (c.а.с.) – ға Абу Бакр (р.а.) мен әдейілеп істемеймін, түсіп кете береді», - деді. Пайғамбарымыз (c.а.с.) «сен оны тәкаппарлықпен істеушілерден емессің деп жауап берді». Әдейі болса ешнәрсе болмайды деген сөз жоқ, «сен оны істеушілерден емессің», - деді. Істеу деген сөз ол ниеттіне қажет етеді. Бірақ, тәкаппарлықпен істеушілер бар екенін, Пайғамбарымыз (c.а.с.) осыны меңзеп жатыр.
Енді (харам санайтындар) келеді де, жоқ ол тек Абу Бакр (р.а.) – ға ғана қатысты дейді. Сендердің қайсысың Абу Бакр (р.а.) – дың иманындай деді. Мәселе иманындай болу емес, себебі ешкім Абу Бакр (р.а.) – дың иманындай бола алмайды. Сахабалардың, басқалардың иманы болсын, Абу Бакр (р.а.) – дың иманына жетпейді. Абу Бакр (р.а.) – дың иманын таразының бір шетіне қойып, қалғандарының иманын бір шетіне қойғанда, Абу Бакр (р.а.) – дың иманы басып кетеді. Пайғамбарымыз (c.а.с.) тек қана саған қатысты деген жоқ, «сен оны істейтіндерден емессің», - деді. Сонда тәкаппарлық ниетінсіз істейтіндер бар болғанын білдіреді. Усул Фикһта (фиқһ негіздері) мынадай ереже бар. «Ля тахсиса илла би муқоссис». Олар айтады, бұл тек Абу Бакр (р.а.) – ға жеке қатысты дейді. Оған қандай дәлел бар? Пайғамбарымыз (c.а.с.) сөзінің бәрін бір адамға қатысты деп алатын болсақ, оны өзінің алдындағы адамға ғана айтқан десеңіз, онда шариғатты жойып жіберуге болады. Мысалы, Абу Бакр (р.а.) – дың кезінде зекет бермейміз дегендер сондай шубғаға тускен еді. Бұл жерде Абу Бакр (р.а.) – ға қатысты екеніне ешкандай дәлел жоқ.
Енді ибн Омар (р.а.) – дың киімі түсіп жүргенде, пайғамбарымыз (c.а.с.) – ның қайтарғаны келеді. Омар (р.а.) –дың өлім төсегінде жатқан кезде киімі түсіп тұрған бір кісіні көреді. Киіміңді көтер дейді. Осыны жалпы харам екендігіне дәлел ретінде келтіреді. Ибн Омар (р.а.) – ды қайтарды дейді. Жалпы ибн Омар (р.а.) пайғамбарымыз (c.а.с.) –ның кезінде өте жас еді. Пайғамбарымыз (c.а.с.) оны тәрбиелеу ретінде айтты, бірақ үлкен сахабалар киімдерін сүйретіп жүрген кезде оны айтқан жоқ, Абу Бакр (р.а.) істегенде айтқан жоқ.
Егер киіміңді көтер деген бұйрық келсе, бірақ оның уәжіптігіне дәлел болмаса немесе уәжіп емес екендігіне дәлел келмесе, біз әрдайым бұйрықты парыз немесе уәджіп дей алмаймыз. Мысалы Құранда Алла Таъала айтады: «Ей, иман келтіргендер, егер бір белгілі мерзімге дейін бір-біріңе қарыз берсеңдер, оны жазып қойыңдар!» - деді. Бұйрық райында келген. Егер біз қарыз бергенімді жазбасақ күнәһар боламыз ба? Әрине, күнәһар болмаймыз, бірақ жаздырып алсаңыз, ол жақсы. Немесе, «Таң атқанша жеңдер!», - деді. Мысалы, таң 6-да ататын болса, мен 5:59-ға дейін ішпесем күнәһар болам ба? Жоқ, күнәһар болмаймын, оның мүбәх екендігін білдіріп жатыр. Бұйрықтың барлығы парыздықты білдіре бермейді. Сіз балаңызға сүннет намазын оқы деп ұрыссаңыз, ол оның парыздығын білдірмейді. Омар (р.а.) изарыңды көтер деп жатса, ол оның парыздығын білдірмеді.
Имам Науауи айтады, Муслимде жасаған шархында, 13 том, 60 бет: Барлығы бір мағынада, «тәкаппарлық харам және ол харам», - дейді. «Тәкаппарлық жасаған холя деп айтады», - дейді. Хадистің мағынасы Алла Таъала оған қарамайды (тәкаппарға) дейді, яғни рахметіне бөлемейді және оған рахмет назарымен қарамайды. Одан кейін айтады: Дұрысырағы төмен түсіріп жүру, яғни изары (белден байланатын көйлегі), қомис – жалпы көйлекте, мысалы арабтардікіндей ұзын көйлек кисеңіз, тобықтан төмен түсіруге болмайды, егер тәкаппарлықпен болатын болса, егер тәкаппарлықпен болмаса, онда ол мәкрүх дейді. Негізі Шафиғилерде мәкрүх деген кезде, ол мәкрүх тәнзих айтылады. Енді бұл имам Науауидің өзінің жеке пікірі. Басқа имамдар айтады, пайғамбарымыз (c.а.с.) хадисінде анық келгені, тәкаппарлықсыз істемесең, онда ол мәкрүх емес екендігін білдіреді. Мысалы Абдулла ибн насро да изарын түсіріп жүретін еді, неге деп сұраған кезде, менің балтырым жіңішке дейтін. Яғни бұл имам Науауидің жеке мәзхабы.
Енді хадистерде тәкаппарлықпен тақид деп келуі, тәкаппарлықпен болса, харам екендігіне дәлел деді, жоғарыда біз айтқандай, имам Шафиғи да осылай бөледі деді. Енді әйелдерге қатысты түсүруге болады деген ғалымдардың иджмаъы бар. Енді мустахабы балтырының жартысына дейін. Хадисте келгендей, балтырының жартысына дейді, тобыққа дейін түскенде оның ешқандай оқасы жоқ дейді, одан төмен түскені тозақта дейді. Мустахаб – балтырының жартысына дейін, тобыққа дейін – жайз, ешқандай мәкрүх емес, одан төмен түскені ол – дұрыс емес, егер тәкаппарлықпен болатын болса, онда ол – «мәмнуъ тәхрим тұрғысынан уа илла фәмәну танзих», ондай болмайтын болса, онда ол – мәкрүх тәнзих деді. Біз айтып кеткендей, негізі пайғамбарымыз (c.а.с.) – ның хадисінен көретініміз, ол жерде ол – мәкрүх емес екендігі білдіреді.
Ал енді мутлақ келген хадистер, тобықта төмен түскені – тозақта деп келген, тәкаппарлықпен болатын болса, себебі ол – мутлақ, оны муқоятпен шектеу керек деді. Имам ибн Хаджар Асқоләни айтады: «тәкаппарлық айтылмай келген хадисті, тәкаппарлық айтылған хадиспен шектеу керек. Азап осыған қатысты келген. Одан басқасын, ол жайлы тағы басқа сөйлейміз. Егер кімде тобығында басқа жара т.б. болатын болса, онда оған ешқандай проблема жоқ», - деді, яғни ол кісі де, имам Науауидің сөзіне жақын сөз айтып жатыр. Жалпы Усул Фикһта мынадай ереже бар: «Үкім ъйласымен бірге жүреді, бар болу да, жоқ болу да. Егер ъйласы жоқ болатын болса, үкімі де жоқ болады, егер ъйласы бар болса, үкім пайда болады». Бұл жерде ъиласы бар болу, ол – тәкаппарлықпен. Қоғамда қашан ұзын киім киіп жүру, тәкаппарлықтың белгісіне айналатын болса, онда үкім қайтып келеді, тура сонымен амал ету керек, егер ол тәкаппарлықтың белгісіне айналатын болса. Бірақ, қазіргі кезде, біздің қоғамда, бұл – тәкаппарлықтың белгісі емес. Мысалы, бір адам шалбарын немесе джинсыін киіп алса, аяқ-киімін шешкен кезде, аяғы шалбарының ішіне кіріп тұратын болса, көрген адам не дейді? Мынау папасының шалбарын киіп алған ба, жоқ әлде қысқартуға ақша таппаған ба дейді. Бізде ол ешқандай тәкаппарлықтың белгісі емес. Егер ол тәкаппарлықтың белгісіне айналса, онда ол үкім харам болады. Ал бізде, қазірге кезде адамдар, керісінше шорти киіп алып, тәкаппарланады. Енді біреулер мини юбка киіп алып тәкаппарланады. Қазіргі кезде Қыз ұзын киетін болса, колхозница, өзін тұмшалап алған, артта қалған деп айтады. Ал егер тізеден келетін юбка костюммен киетін болса, ол – бизнес леди одан қысқа киетін болса, ол – жұлдыз. Қазір ешкім ұзын киімді тәкаппарлық деп көрмейді. Пайғамбарымыз (c.а.с.) – ның кезінде адамдар сол арқылы өзінің бай екенін білдіретін болған.
Пайғамбарымыз (c.а.с.) қоштасу қажылығында не деді? – «Ешкім жалаңаш тауаф етпесін», - деді. Себебі, одан алдын қағбаны жалаңаш тауф ететіндер бар еді, пайғамбарымыз (c.а.с.) ол нәрседен тыйды. Қурайш мынадай ереже шығарады, «сендер үстілеріңдегі киімдеріңмен күнә істеп жатсыңдар, ол киім күнәһар, лас киім, онымен тауаф етуге болмайды», - деді. Сөйтіп өздері киім тігіп, соны сататын. Шамасы келетіндер сол киімді сатып алып айналатын, шамасы келмейтіндер, киім сатытп ала-алмайды, мына киім болмайды деп, оданда киімсіз тауаф етейін деп, киімсіз тауаф ететін еді. Міне адамдар сондай жағдайда өмір сүрді, киім сатып алуға мүмкіншілігі жоқ еді. Сахабалардан да қанша көреміз, әйелі екеуі киім ауысып кигендері, тек қана әуретін зорға жабқаны (суффа сахабалары), сондай қиын заман еді. Кімнің киімі ұзын болса, мынау артық мата алуға ақшасы жетеді екен, бай екен деген түсінік болған. Ол бір тәкаппарлықтың көрінісі болған кезде, пайғамбарымыз (c.а.с.): Кім осыны осындай тәкаппарлықпен киетін болса, онда ол тозақта – деп қайтарды. Себебі, біздің дініміздің мақсаттарынан, тәкаппарлықтың кез-келген түрін жою. Егер тәкаппарлық болмаса, онда пайғамбарымыз (c.а.с.) Абу Бакр (р.а.)-ға айтқандай: «Сен оны тәкаппарлықпен істеушілерден емессің», – деді.
Имам ибн Хаджар Асқоләни Фәтхал барида «адам киімін ұзартып, тәкаппарлық жасаған сияқты, киімді қысқартып та тәкаппарлық жасауға болады», - деді. Қазіргі заманда сондай адамдар пайда болған, оның көзқарасында оның киімі қысқа, ол басқалардан абзал, сүннетке сай амал етеді, барлыға бидғатшы, тобықтан төмен түсіргендері тозақта, барлғы күнәһар дейді. Оларды өзінен төмен санап, жоғарыдан қарайтын адамдар пайда болды. Негізгі мәселе, ол – тәкаппарлықты жою, жүректен тәкаппарлықты шығару. Ал, сыртқы киім соның көрінісі ғана. Адамдарда тәкаппарлық бар еді және соны тәкаппарлықпен көрсетіп жүреді. Қазіргі кезде адамдар негізгі мәселені ұмытып қойды да, сыртқы көрініске жабысып, киімдерін қысқартып алып, тәкаппарлыққа салынып жүретіндер бар. Өздері ғана сүннетті ұстанады, қалғандарының бәрі адасуда деп, жоғарыдан қарайтын адамдар пайда болды. Бұл адамдар мәселенің негізін ұмытып қойып, қосалқы мәселемен немесе екінші дәрежедегі мәселеге жабысып алған адамдар.
Ибн Омардан Ирактан келген кісі масаны өлтіріп қою жайында сұрайды: «Масаны өлтірсең, масаның каны шығып кеткен кезде», - дегенде, - Хусейн(р.а.)- ды «өлтіріп алдыңдар да, қанын төктіңдер де, енді келіп масаның қаны жайында сұрайсыңдар ма?», - деген еді. Қазіргі кезде адамдарда сондай түсінік бар. Пайғамбарымыз (c.а.с.) қайтарған, Алла Тағала жақсы көрмейді деген тәкаппарлықтан арылуды тастап қойды да, ісінде, сөзінде сол тәкаппарлық көрініп тұрады, бірақ пайғамбарымыз (c.а.с.) кезінде, дәуірінде көрінісі болған мәселеге жабысып қалып, негізгі мәселені ұмытып қойды. Яғни сыртқысына жабысып алып, өзегін тастап қойды. Пайғамбарымыз (c.а.с.)-ның сүннетіне, хадисіне дұрыс амал етеміз десек, онда мәселе олай болмайды.
Сөзіміздің соңында имам Бұхаридің кітабында келеді, Алла Таъала айтады: «Кім Алланың пенделеріне берген зейнетін харам етпекші», – деп пайғамбарымыз (c.а.с.) – ға айт деген аят жайында келеді. Осы аяттың тәфсирінде пайғамбарымыз (c.а.с.) айтады: «ішіңдер, жеңдер, киініңдер, садақа беріңдер, бірақ ысырап жасамаңдар және тәкаппарлыққа салынбаңдар», – дейді. Ибн Аббас осы хадиске байланысты айтады, Қалағаныңды же, қалағаныңды ки, екі нәрседен сақ болсаң: «ысырапқа салыну немесе тәкаппарлыққа берілу». Осы екі нәрседен сақ болсаң онда қалағаныңды ки дейді. Бұны имам ибн Әби Шәйбә келтіреді. Сәнәды сахих.
Алла Тағала бәрімізге білім нәсіп етсін, білімдерімізге амал қылуымызды, амалдарымыздың қабыл болуын нәсіп етсін!