Шайтан мен мақтан

Oinet.kz 15-10-2021 6339

Screenshot_2.jpg

Қызметші болып көрінген шайтан жиырма жылдай діндар әулие Жүнәйді Бағдадидың қасында жүріпті. Алайда қанша тырысқанымен, Құдайдан қатты қорыққан тақуа әрі әулие құлдың құлағына сыбырлап арам ойын іске асыра алмаса керек. Дымы құрып шарасыз кейіпке түскен ол бір күні:

– Әй, ұстаз! Жоқ, әлде, сіз менің кім екенімді білесіз бе? – деп ашық сұрапты. Жүнәйді:

– Сен – лағынет атқыр Ібіліссің. Мен сені алғашқы күні-ақ танығанмын, – деп жауап беріпті. Шайтан:

 – Уа, ақиқат сұлтаны! Дәл сіздей ұлы, биік дәрежеге қол жеткізген ешкімді көрген емеспін. Жиырма жыл көз алдыңызда жүріп сізге ешбір қалауымды істеткізе алмадым, – депті. Ашуға мінген рухани алып сонда:

 – Жоғал, кәне, көзіме көрінбей! – деп айғайға басыпты,

 – Ендігі ойың – қолтығыма су бүркіп көтере мақтау арқылы мені құртпақсың ғой! Жиырма жыл істей алмағаныңды жиырма секундта істеймін деп ойлап па ең?! Кет! Қараңды батыр! Адамның ең бір осал тұсы да осы – мақтан. Көкке көтере өтіріктен мақтағаннан небір надандар өздерін ғалым сезініп, көпірген құрғақ сөздің жетегімен тура жолдан тайып, көрсоқырлыққа салынған. «Мақтан-мақтамен бауыздағанмен тең» деген сөзді де ұмытпаған жөн.

mazhab.kz

Күйеуі қайтыс болған немесе ажырасқан әйелге қанша уақыт тұрмысқа шығуға болмайды?
Толстойдың Ислам діні жайлы жазған хаты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу