Күнә жасап қойғанда оқылатын 5 дұға

Oinet.kz 15-08-2020 1249

Хадистердің бірінде айтылғандай: «Адам күнә жасағанда жүрегінде қара дақ пайда болады. Тәубесіне келіп, кешірім тілесе дақ өшіріледі. Егер қайта күнә жасаса, қара дақ үлкейіп, жүректі тот басады» (Тирмизи). Құранда да: «Жоқ, бәлкім олардың жүректерін істеген қылықтарының таты басты» («Мутаффифин» сүресі, 14-аят), - делінген. Иә, пенде болғаннан кейін, шайтанның азғыруына еріп күнәлі істерге барып жатамыз. Осындайда Алла елшісі жеткізгендей: «Сендердің ең жақсыларың күнәдан кейін дереу тәубе еткендерің». Кейде, Жаратушы Иеміз мені кешірмес деп күпірлікке барып жатамыз. Бұл ойды да салатын шайтан. Өйткені, Алла Тағала жасаған ісіне өкініп, шынайы тәубе еткен құлын «Нұр» сүресінде: "Әй мүміндер, түгел Аллаға тәубе қылыңдар! Әрине құтыларсыңдар», - деп күнәдан тазарудың жолы тәубе ету екенін көрсетті.

1-дұға

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алла Тағаланың разылығына бөленіп, жан дүниенің рахатын сезінгіңіз келсе мына дұғаны оқыңыз:

«Аллаһуммә Әнтә Рабби, лә иләһа иллә Әнтә, халәқтәни уә әнә `абдукә, уә әнә `алә аһдикә уә уә`дикә мә-стәтағту, ә`узу бикә мин шәрри мә санә`ту, әбуу ләкә бини`мәтикә `әләййа, уә әбу-у би-занби, фәғфир ли фә иннәһу лә йағфиру-з-зунубә иллә Әнта»

Мағынасы: (Я, Алла! Сен менің Раббымсың, Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Сен мені жараттың, ал мен Сенің құлыңмын. Meн күш-құдіретім жеткенше Саған деген уәдемді, әрі сертімді сақтаймын. Әрі жасаған істерімнің жамандығынан Өзіңе сиынамын. Маған берген нығметтеріңді мойындаймын, әрі күнәларымды да мойындаймын. Мені жарылқай гөр! Шын мәнінде, Сенен өзге күнәларды жарылқаушы ешкім жоқ) деп айтып, сол түнде қайтыс болған адам Жәннатқа кіреді; ал, мұны таңертеңгі уақытта айтып, сол күні қайтыс болған адам Жәннатқа кіреді» (Бұхари).

2-дұға

«Аллаһуммә инни заләмту нәфси зулмән кәсиран уә лә яғфируз-зунубә иллә әнтә. Фәғ-фир ли мәғ-фиратән- мин ъиндикә уәр-хамни иннәкә әнтәл ғафурур- рахим»

Мағынасы: Ей, Алла! Шын мәнінде мен өзіме аса көп зұлымдық жасадым. Күнәларды кешіретін Өзіңнен басқа ешкім жоқ. Өз жарылқауыңмен мені кешір де маған рақым ет. Расында Сен аса жарылқаушы, ерекше мейірімдісің.

3-дұға

«Астағфирул-ллаһәл-ъазыымәл- ләзй ләә иләәһә иллә һуәл-хаййюл- қоййюум, уә әтубу иләйһ».

Мағынасы: «Я, Раббым! Күнәмді кешіріп, тәубемді қабыл ете гөр! Өйткені Сен тәубені қабыл Етушісің және Мейірімдісің”, - деп айтқанының куәсі болдық» (Имам Термизи және Имам Әбу Дауіт).

4-дұға

"Кімде-кім: «Астаъфируллаһал-ъазыймәл-ләзи лә иләһә иллә һууәл-хаййул-қаййуму уә әтубу иләйһи».

Мағынасы: «Өзінен басқа тәңір болмаған Тірі әрі барлық нәрсені Тұрғызушы Ұлы Алладан кешірім тілеймін және Оған тәубе етемін) – десе, тіпті соғыстан қашқан болса да, Алла ол кісіні кешіреді» - деген (Әбу Дауд, әт-Термизи).

5-дұға

«Аллахумма иннә астағфирука ли зәнби уә ас-алюка рахматак».

Мағынасы: «Я, Аллаһым! Мен Өзіңнен күнәларым үшін кешірім сұраймын, Сен мейірімдісің».

Бізді құтқарған бір хадис (болған оқиға)
Жүректі қалай тазартамыз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу