Намаз альцгеймер ауруынан қорғайды

Oinet.kz 15-08-2020 677

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Жақында Огайо штатындағы Кливленд университетінде американ зерттеушілерінің қатысуымен зерттеу жұмыстары жүргізілді. Аталмыш зерттеуде мұсылмандар намазының білім беретін мекемелердегі білім факторына өте тиімді оң әсер (24%) беретіндігін көрсетті. Зерттеуге сәйкес, намаз - бұл үздік ақыл-ой, рухани және дене жаттығуларының бірі болып табылады.

s2.jpg

Зерттеушілер намаз адамды қажетті энергиямен қуаттандырып, бірқатар аурулардың қорғайтынын және  қан тамырлары үшін үлкен пайда әкелетінін мәлімдеді. Сондай-ақ намаз қан айналымын реттеп, жүрек жұмысын жақсартатынын да тілге тиек етті. Ең таңғажайып нәрсе-адам үнемі намаз оқыған кезде ғана осы керемет әсерлер пайда болады екен. Американдық ғалымдардың  жүргізген ғылыми зерттеуіне 65 жастан жоғары 892-ден астам адам қатысты. Зерттеулер күніне бес рет оқылатын мүміндердің  намазы адам жадының төмендеуі мен Альцгеймер ауруының қаупін 50%-ға азайтады  деп көрсетті. (Жасы ұлғая келе кейбір адамдар ұмытшақ болып, жадынан айырыла бастайды. Ал медицинада ол Альцгеймер ауруы деп аталады). Сонымен бірге зерттеу ерлер арасында «альцгеймер» ауруының таралуы 50%-ға артқанын зерделеді. Осы зерттеуге қатысқан профессор Рифка Инзельберг намаз оқушы адам ғибадат кезінде мәдени және психологиялық артықшылықтарға ие болып, өз кезегінде, адамдарды Альцгеймер дертінен қорғайтынын тұжырымдады.

Ғылыми-зерттеулер мұсылмандар арасында Альцгеймер ауруының аз кездесуінің  құпиясын ашты. Америка Құрама Штатының денсаулық сақтау ұйымдарының бірі қаржыландырған Тель-Авив пен Бен-Гурион университеті израилдік ғалымдарының зерттеулері бойынша намаздың есте сақтау қабілеті мен білім беру процесіне оң ықпалын тигізетіндігін дәлелдеді.

Келесі бір ғылыми-зерттеуге 1948 жылы оккупацияланған аймақтарда өмір сүрген 65 жастан асқан  шамамен 900 палестиналықтар қамтылды, зерттеу намаз 50%-ға есте сақтау қабілетінің азаюы мен Альцгеймер ауруының қауіпін азайтатындығын айқындады.

Есектің есті баласы
Төрт рет оқысаң тозақ отынан құтқаратын дұға
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу