Қағбаның бұрыштары қайда бағытталған?

Oinet.kz 21-06-2020 2833

1 — Қара тас; 2 — есік; 3 — науа; 4 — Төле; 5 — Хижр Исмаил ; 6 — Мүлтазам; 7 — Ибраһим макамы; 8 — қара тас бұрышы; 9 — Йемен бұрышы; 10 — Шам бұрышы; 11 — Ирак бұрышы; 12 — Кисва; 13 — мәрмәр жолақ; 14 — Ибраһим орны.

image.png

Қағба бұрыштары әлемнің төрт бұрышына бағытталған және әр бұрышының өз атауы бар: «йемен» (оңтүстік), «ирак» (солтүстік), «левант» (батыс) және «қара тас» (шығыс). Қағба іргетасы мәрмәрдан қаланған, ал негізі меккелік граниттен тұрғызылған. Қағба үнемі кисуах деп аталатын арнайы жібек матамен жабылып тұрады. Жамылғыны жылына бер рет ислам күнтізбесі бойынша Зул-Хиджа айының (қажылық айы) 9/10 күні ауыстырады. Қағба ішінде бөлме бар, алайда ол «Қағбаны тазалау» рәсімін жүргізі үшін жылы екі рет қана ашылады (тек сыйлы қонақтар үшін). Қазіргі таңда Қағбаның ұзындығы 13,1 м. Ұзындығы мен ені, сәйкесінше, 11,03 және 12,86 м. Ибраһим пайғамбардың кезінде Қағба өлшемі басқа болған:

шығыс қабырға — 14,80 метр;

Хатем жақтан қарағандағы қабырға — 10 метр;

Қара тас пен Йемен бұрышының арасындағы қабырға — 9,15 метр;

батыс қабырға — 14,2 метр.

Қара тас

Қара тас (араб.: الحجر الأسود — әл-хаджар әл-асвад) — Қағбаның шығыс бұрышына 1,5 м биіктікте монтаждалған тас. Тас жазықтығының көрінетін жер ауданы 16,5×20 см.

Есік

Есік (араб.: باب الكعبة) Қағбаның Шығыс қабырғасында жерден 2,5 метр биіктікте орналасқан, оған тек жиылмалы саты арқылы мінуге болады. Бұл жиі болатын селден қорғану мақсатында жасалуы ықтимал. Есіктің өзінің биіктігі 3,06 метр, ал ені 1,68 метр. Есікті құраған кезде 13 420 000 риал тұратын, 999-пробалы 280 кг алтын қолданылған. Есікті король Халид ибн Әбдел Азиз сыйға тартқан. Мұхаммед пайғамбардың кезінен бастап Қағбаның кілті Бани Шайба отбасында сақталады..

Суағар науа

Мизраб әр-Рахма (араб.: مزراب — Қайырымдылық суағар науасы) — жаңбыр суын жинайтын науа. 1627 жылғы жөндеуде көп күндік жаңбырда қабырғалардың қиратылу мәселесінен енгізілген. Төбедегі су Исмаил мен Хаджардың қабіріне бағытталған құтты бейнелейді.

Төле

Төле (араб.: الشاذروان) — Қағбаның қабырғалары орналасқан төле. 1627 жылы іргетасын судан қорғау мақсатында енгізілді.

Хижр Исмаил

Хижр Исмаил (араб.: حجر إسماعيل) немесе әл-Хатим (араб.: الحطيم) — аласа жартылай дөңгелек қабырға. Биіктігі 1 метр, ұзындығы 17,75 метр.

Мүлтазам

Мүлтазам (араб.: ملتزم) — Қағбаның Есіктері мен Қара тас арасындағы қабырға бөлігі. Ұзындығы — 2 метр.

Ибраһим макамы

Ибраһим макамы (араб.: مقام إبراهيم) — Ибраһим пайғамбардың аяғының ізі қалған жер. Шынылы және металды қоршаумен қоршалған.

Қара тас бұрышы

Қара тас бұрышы (араб.: زاوية الحجر الاسود) — Қағбаның шығыс бөлігінің бұрышы, бұл жерге Қара тас монтаждалған.

Йемен бұрышы

Йемен бурышы (араб.: الركن اليماني) — Қағбаның оңтүстік бұрышы

Шам бұрышы

Шам бурышы (араб.: الركن الشامي) — Қағбаның батыс бұрышы.

Ирак бұрышы

Ирак бурышы (араб.: الركن العراقي) — Қағбаның солтүстік бұрышы.

Кисва

Кисва немесе кисвах (араб.: كسوة الكعبة — кисват аль-ка’аба) — алтын жіппен тігілген Құран аяттары жазылған, қара түсті жібек матадан жасалған жамылғы, ұзындығы 41 метр, ауданы 875 км шаршы, ал қалыңдығы 2 мм.

Мәрмәр жолақ

Мәрмәр жолақ (араб.: شريط من الرخام) әр тавафдың (айналып өту) басы мен аяғын белгілейді. Алғашқы кезде жолақтың түсі жасыл болған, осыдан кейін оны ақ түске ауыстырды, бұл оны көрнекті етті.

Ибраһимнің тұрған жері

Ибраһимнің тұрған жері — Қағбаның құрылысы жүріп жатқан кезде Ибраһим пайғамбардың тұрған жері.

Құранның 114 сүрелері
Дұғаның қабыл болуына кедергі болатын алты нәрсе
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу