Түнде терезені ашып жатудың зияны бар ма?
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) түнде жатарда есіктерді кілттеп, ыдыс-аяқтардың бетін жабуды және шырақты өшіріп жатуды кеңес еткен. Мұндағы ыдыс-аяқтардың бетін жабу - тазалық шарасы десек, есік-терезені жауып жатуды қауіпсіздік шарасы деп түсінуге болады. Үкімі - мұстахаб (ұнамды).
Сондықтан да, терезені ашып жату ешқандай қауіпсіздік тудырмайтын болса, түнде ашып жатудың зияны жоқ, осы орайда терезені ашарда "бисмилләны" айтып ашқан артық болмайды. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!
Имам Бұхари: "Сахих Бұхари"- Әшриба"; Имам Мүслім: "Сахих Мүслім" - Әшриба: Сахаба Жәбір риуаят еткен хадисте Алла елшісі былай дейді: "Үйге кіргеннен кейін "бисмилләны" айтып есікті жап. Өйткені, шайтан (бисмилләмен) жабылған есікті аша алмайды. Бисмиллә деп шырағданды өшір. Бисмиллә деп көлденең қоятын бір шыбықпен болса да шелектердің бетін жап (шыбықты көлденең қой). Бисмиллә деп су құятын ыдысты бетін жап".
дереккөз: Islam.kz сайтынан