Әйелдер Қадір түнін қалай өткізеді?

Oinet.kz 19-05-2020 1573

Бұл түнді ерлер қауымы секілді әйелдер де бір Аллаға құлшылық жасаумен өткізеді. Дінімізде әйелдің құлшылық жасайтын абзал орны – үйі. Тіпті, хадисте әйел адам үшін үйде оқылған намаздың мешітте оқылған намаздан 27 есе артық екендігі айтылған.

image.png

- Бірде Умм Хумайд деген әйел (оған Алла разы болсын) Пайғамбарға: «Уа, Алланың Елшісі, мен сенің артыңда ұйып намаз оқығым келеді», - дейді. Сонда Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Маған бұл – мәлім жайт, алайда, үйіңнің оңаша бұрышында оқыған намазың - жабық бөлмеде оқыған намазыңнан, ал жабық бөлмеде оқыған намазың - аулаңда оқыған намазыңнан жақсы. Өз аулаңда оқыған намазың – жақын маңдағы мешітте оқыған намазыңнан артық...» - деген (Ахмад)

- Тағы бір хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Әйелдердің ең жақсысы – өз үйлерін мешіт етіп алғандары», - деген. (Ахмад)

Сондықтан тілекті үйде отырып тілеуге, намазды үйде отырып оқуға, Құранды да үйде тыңдауға, оқуға дайындала беріңіз.

- Осы ретте ең жиі қойылатын сұрақтардың бірі - етеккірі келген (үзірлі) әйелдердің жағдайы. Иә, мұндай жағдайдағы әйелдер бұл түні намаз оқи алмайды. Есесіне, олардың ДҰҒА ЖАСАУ деген ең мықты қалқаны, қаруы бар.

Үзірлі жағдайда болсаңыз да, алақан жайып, дұға жасауыңызға, «Субханалллаһ», «Әлхамдулилләһ», «Аллаһу Әкбар» деген секілді зікірлер мен «Астағфируллаһ» деп Алладан кешірім тілеп отыруыңызға болады.

Кітаптар оқып, біліміңізді арттыруыңызға болады.

- Қадір түнінде Пайғамбарымыздың Айша анамызға (р.а) үйреткен мына дұғасын айтқаныңыз жөн:

«Иә, Алла, расында, Сен – Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Ендеше, мені кешіре гөр!”

Аллаһуммә иннәкә ъафу-ун тухиббул-ъафуә, фәъфу ъанни (Тирмизи)

Қадір түнінде оқылатын дұға
Алладан қорыққан адамда жеті түрлі белгі болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу