Қадір түнінде оқылатын дұға
Айша анамыздың (р.а.) Пайғамбарымыздан (с.а.у.): «Уа, Алла Елшісі, егер мен Қадір түнінің басталғаны туралы білсем, не айтуым керек?» ‒ деп сұрағаны риуаят етіледі.
Бұған Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Я, Алла, расында, Сен – Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр!
«Аллаһуммә иннәкә Ъафуун, тухиббуль-ъафуа фаъфу-ъанни» ‒ деп айт», ‒ деп жауап берген (әт-Тирмизи, Ибн Мәжаһ, әл-Хаким).