«Тәуәссул» дегенді қалай түсінуге болады?

Oinet.kz 03-05-2020 1549

Тәуәссулдің сөздік мағынасы «белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін қандай да бір себеп, құрал қолдану» дегенді білдіреді. Мысалы, бір жерге бару үшін көлік қолдану да тәуәссулге жатады. Ал, шариғатта тәуассул деп: «Дұғаның қабыл болуы үшін Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) немесе басқа бір аса тақуа адамның құрметін себепкер етуге айтылады. Мысалы, «Уа, Алла Тағалам, соңғы пайғамбар әрі сенің сүйікті құлың Мұхаммедтің (с.ғ.с.) құрметіне менің мына дұға-мінәжаттарымды қабыл ала гөр» деп тілек тілеу секілді.

7kfnh1WyW3jAa9mG-lg.jpg

Шариғатта тәуассулдің басқа да түрлері бар. Оны төменде арнайы түсіндіреміз. Бұл тақырыпқа кірмес бұрын тәуассулға байланысты мынаны біліп алғанымыз жөн. Тәуассул – дұға жасаудың, Алла Тағалаға жалбарынудың бір түрі. Негізгі тілекті қабыл алушы да, сұрағаныңды орындаушы да – еш күмәнсіз Алла Тағала. Ал тілекте «құрметі үшін» деп тәуассул жасалған кісі тек себепкер ғана. Яғни, тәуассул жасаған кісі – тәуассул жасалған тұлғаның тікелей ешкімге пайда яки зиян келтіре алмайтынын білуге тиіс. Кімде-кім мұны басқаша ойласа, Алла Тағала серік қосқанболады.

Ана құрсағындағы бала үшін де пітір беріле ме?
Доңыз бен есектің еті не үшін харам етілді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу