Әр бір мұсылман білуі керек!

Oinet.kz 18-03-2020 3563

Сұрақ: Раббың кім?

Жауап: Алла Тағала.

Сұрақ: Дінің не?

Жауап: Ислам.

Сұрақ: Кітабың не?

Жауап: Құран Кәрім.

Сұрақ: Құбылаң қай жер?

Жауап: Қағба / Мекке қаласы.

Сұрақ: Мұсылмансың ба?

Жауап: Әлхамдулилләһ, мұсылманмын.

Сұрақ: Қашаннан бері мұсылмансың?

Жауап: Әл-мисақтан бері.

Сұрақ: Әл-мисақ дегеніміз не?

Жауап: Адам баласы рухтарының бұл дүние

тіршілігенен бұрын рухтар әлемінде Алланың

құдіретін танып, Оған қайтып келетіні туралы

ант берген кезең.

d50b8e533c965bab.jpg

Сұрақ: Мұсылмандығыңның дәлелі қайсы?

Жауап: «Әшһәду ән лә иләһә иллаллаһу уә

әшһәду әннә Мухаммадән абдуһу уә расулуһу»

(Алладан басқа тәңірі жоқ екендігіне,

Мұхаммед Оның құлы және елшісі екендігіне

куәлік етемін).

Сұрақ: Кімнің ұрпағысың?

Жауап: Адам атаның ұрпағымын.

Сұрақ: Кімнің үмбетісің?

Жауап: Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.).

Сұрақ: Пайғамбарың кім?

Жауап: Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.).

Сұрақ: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қай жерде

туған?

Жауап: Мекке қаласында.

Сұрақ: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қай жылы

туған?

Жауап: 571 жылы 20-сәуірде.

Сұрақ: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ай (қамари)

санауы бойынша қай күні туылған?

Жауап: Рабиул әууәл айының 12-сі, дүйсенбі

күні.

Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Исламға

дейін халық арасында танылған сипаты

қайсы?

Жауап: Мухаммадул әмин (сенімді

Мұхаммед)

Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ең көп

аталатын есімдері қандай?

Жауап: Ахмет, Махмуд, Мұхаммед және

Мұстафа.

Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әкесінің

есімі кім?

Жауап: Абдулла.

Сұрақ: Алланың соңғы елшісіне (с.ғ.с.) қанша

жасында пайғамбарлық берілді?

Жауап: 40 жасында.

Сұрақ: Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) алғашқы

уахи қай жерде келді?

Жауап: Хира үңгірінде.

Сұрақ: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) пайғамбарлық

міндетін қанша жыл бойы атқарды?

Жауап: 23 жыл.

Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ұлы көші

хижреті қай жылы қай қалаға бағытталды?

Жауап: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) 622 жылы

Меккеден Мәдина қаласына көшті.

Сұрақ: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қай жылы

қайтыс болды?

Жауап: 632 жылы. 63 жасында.

Сұрақ: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қай жерде

қайтыс болды?

Жауап: Мәдина қаласында.

Сұрақ: Әйгілі төрт халифа кімдер?

Жауап: Әбу Бәкір (р.а.), Омар (р.а.),

Осман (р.а.), Әли (р.а.)

Сұрақ: Құран Кәрім қай халифаның дәуірінде

кітап болып жиналды?

Жауап: Әбу Бәкір (р.а.) дәуірінде.

Сұрақ: Құран қанша аяттан тұрады?

Жауап: 6216 аят.

Сұрақ: Құранда қанша сүре бар?

Жауап: 114 сүре.

Сұрақ: Құранда қанша пара (жүз) бар?

Жауап: Құранда 30 пара бар.

Сұрақ: Ең алғаш түскен сүре қайсы?

Жауап: «Алақ» сүресінің алғашқы бес аяты.

Сұрақ: Құран қай сүремен басталады?

Жауап: «Фатиха» сүресімен.

Сұрақ: Құран қай сүремен аяқталады?

Жауап: «Нас» сүресімен.

Сұрақ: Ислам шарттары қанша?

Жауап: Ислам шарты бесеу, оның реті:

1-Кәлима шәһадат келтіру;

2-Намаз оқу;

3-Зекет беру;

4-Ораза тұту;

5-Қажылыққа бару.

Сұрақ: Күніне неше уақыт намаз оқу парыз

етілген?

Жауап: Күніне бес уақыт, олар:

1-Таң;

2-Бесін;

3-Екінті;

4-Ақшам;

5-Құптан, Үтір уәжіп.

Сұрақ: Намазды не бұзады?

Жауап:1-Намазда сөйлеу, дауыстап күлу;

2-Намазда ішіп-жеу;

3-Қатарынан бірнеше әрекет жасау;

4-Құбыладан бұрылу;

5-Намазда әурет жерінің ашылуы;

6-Намазда дәреттің бұзылуы;

7-Намазда талып қалу;

8-Ниеттің ауысуы;

9-Намаздың бір парызын тастау;

10-Әйел адаммен бір сапта намаз оқу;

11-Тәйәммүммен оқыған адамның суды

көруі;

12-Намаз бітпей сәлем беру;

13-Парыз, уәжіп намаздарының уақытының

шығуы;

14-Мәсіге тартылған мәсіх уақытының

аяқталуы.

Сұрақ: Зекет дегеніміз не?

Жауап: Нисап көлеміне жететін дәулеті

бар мұсылманның Алла разылығы үшін

байлығының белгілі бір бөлігін шариғатқа сай

жылына бір мәрте Құранда көрсетілген белгілі

бір адамдарға беру.

Сұрақ: Жауапкершілігі жағынан ең үлкен пе-

ріштелер нешеу?

Жауап: Төрт үлкен періште бар

1-Жәбірейіл – Алла тағаланың бұйрықтары

мен уахиларын пайғамбарларға жеткізуші пе-

ріште;

2-Әзірейіл – Жан алатын періште;

3-Микайл – Табиғатқа қарайтын періште;

4-Исрафил – Қиямет күні ұлы сырнай сүрді

үрлейтін періште.

Сұрақ: Ең үлкен күнәлар қайсы?

Жауап: 1- Аллаға серік қосу;

2- Алладан басқаның атын айтып ант ету;

3- Діннен бас тарту;

4- Жаттаған әрі оқыған Құранды ұмыту;

5- Дүние қызығына берілу, ақыретті ұмыту,

міндеттерін ұмыту;

6- Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) атынан жалған

сөйлеу;

7- Сахабаларға тіл тигізу;

8-Дініміздегі қасиетті нәрселерді балағаттау;

9- Арақ ішу;

10- Зина жасау;

11- Доңыз етін жеу.

Сұрақ: Мұнафық (екі жүзді) деп кімді

айтамыз?

Жауап: Имансыз бола тұра, өтірік мұсылман

болып көрінген кісі.

Әйелді жұмаққа жетелейтін амалдар
«Жұма» сөзінің мағынасын білесіз бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу