Намазда оқылатын дұғалар
Субханәкә
سُبْحَانَكَ اللَّهُمَّ وَ بِحَمْدِكَ وَ تَبَارَكَ اسْمُكَ وَ تَعَالَى جَدُّكَ وَ لاَ اِلاَهَ غَيْرُكَ
«Субханәкә Аллаһумма уа бихамдика уә тәбәрәкә-смука уә тә'ала жәддукә уә лә иләһә ғайрук»
Мағынасы: Уа, Аллаһым! Сені тәсбих етіп (күллі жаратылыс пен нұқсан атаулыдан) пәктеймін. Саған «хамд» айтып, мадақтаймын. Сенің қасиетті есімің аса мүбәрак. Және де сенің ұлылығың аса жоғары. Сенен басқа ешбір Құдай жоқ.
Әт-тахият
اَلتَّحِيَّاتُ لِلَّهِ وَ الصَّلَوَاتُ وَ الطَّيِّبَاتُ* اَلسّلاَمُ عَلَيْكَ اَيُّهَا النَّبِىُّ وَ رَحْمَةُ اللَّهِ وَ بَرَكَاتُهُ* اَلسَّلاَمُ عَلَيْنَا وَ عَلىٰ عِبَادِ اللَّهِ الصَّالِحِينَ* اَشْهَدُ اَنْ لاَ اِلاَهَ اِلاَّ اللَّّهُ وَ اَشْهَدُ اَنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ وَ رَسُولُهُ
«Әт-тахияту лилләһи уас-салауаату уа-таййбәәт, әс-сәләәму ’аләйка әйюһән-нәбию уә рахмәтуллааһи уә бәракәтуһ, әс-сәләму ’аләйнә уа ’алә ’ибәдилләһис-саалихиин, әшһаду әл-ләә иләһә иллАллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән ’абдуһу уә расуулуһ».
Мағынасы: Барлық дұғалар, мадақтар, тәндік, дүниелік ғибадаттар Аллаһқа лайық. Уа, Пайғамбар! Саған сәлем. Әрі саған Аллаһтың рақымы мен берекеті жаусын! (Уа, Раббымыз!) Сәлем бізге және Аллаһтың салиқалы құлдарына болсын. Мен Аллаһтан өзге ешқандай құдай жоқ екеніне, хазіреті Мұхаммед Аллаһтың құлы әрі пайғамбары екеніне куәлік етемін.
Аллаһумма салли
اَللَّهُمَّ صَلِّ عَلىٰ مُحَمَّدٍ وَ عَلىٰ اٰلِ مُحَمَّدٍ كَمَا صَلَّيْتَ عَلىٰ اِبْرَاهَيمَ وَ عَلىٰ اٰلِ اِبْرَاهِيمَ اِنَّكَ حَمِيدٌ مَجِيدٌ
«Аллаһумма салли ‘алә Мухаммәдин уа ‘алә әәли Мухаммәд, кәмәә саллайтә ‘алә Ибраһимә уа ‘алә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжиид»
Мағынасы: Аллаһым! Ибраһимге және Ибраһимнің жанұясына салауат еткенің сияқты, хазірет Мұхаммедке және оның жанұясына салауат ет. Расында, Сен – барлық жағынан мақтауға лайықсың әрі даңқың ұлы.
Аллаһумма бәрик
اَللَّهُمَّ بَارِكْ عَلىٰ مُحَمَّدٍ وَ عَلىٰ اٰلِ مُحَمَّدٍ كَمَا بَارَكْتَ عَلىٰ اِبْرَاهَيمَ وَعَلىٰ اٰلِ اِبْرَاهِيمَ اِنَّكَ حَمِيدٌ مَجِيدٌ
«Аллаһума бәрик ‘алә Мухаммадин уа ‘алә әәли Мухаммад, кәмә бәәрактә ‘алә Ибраһима уа ‘алә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжид»
Мағынасы: Аллаһым! Ибраһимге және Ибраһимнің жанұясына берекет бергенің сияқты, хазірет Мұхаммедке және оның жанұясына да берекет бер. Расында, Сен – барлық жағынан мақтауға лайықсың әрі даңқың ұлы.
Хазіреті Мұхаммедтің Аллаһтың құлы әрі пайғамбары екеніне куәлік етемін.
Раббәнә әтинә
رَبَّنَا اٰتِنَا فِى الدُّنْيَا حَسَنَةً وَفِى اْلاٰخِرَةِ حَسَنَةً وَقِنَا عَذَابَ النَّار
«Раббәнәә әәтинә фид-дүния хасанатән, уа фил-аахирати хасанатән, уа қинәә ‘азәбән-нәр»
Мағынасы: Я, Раббымыз! Бізге бұл дүниеде де жақсылық бер, ақыретте де жақсылық бер және бізді тозақ азабынан сақта!
Құныт дұғасы
أللهُمَّ اِنَّا نَسْتَعِينُكَ وَ نَسْتَغْفِرُكَ وَ نَسْتَهْديكَ وَ نُؤْمِنُ بِكَ وَ نَتُوبُ اِلَيْكَ وَ نَتَوَكَّلُ عَلَيْكَ وَ نُثْنِى عَلَيْكَ الْخَيْرَ كُلَّهُ نَشْكُرُكَ وَ لاَ نَكْفُرُكَ وَ نَخْلَعُ وَ نَتْرُكُ مَنْ يَفْجُرُكَ.
أللهُمَّ إيَّاكَ نَعْبُدُ وَ لَكَ نُصَلِّى وَ نَسْجُدُ وَ إليْكَ نَسْعَى وَ نَحْفِدُ نَرْجُو رَحْمَتِكَ وَ نَخْشَى عَذَابَكَ اِنَّ عَذَابَكَ بِالْكُفَّارِ مُلْحِقٌ
«Аллаһумма инәә нәстә’иинукә уә нәстағфирукә уә нәстәһдик, уә ну’мину бикә уә нәтуубу иләйкә уә нәтәуәккәлу ’аләйкә уә нусни ’аләйкәл-хайрә күлләһу нәшкурукә уә ләә нәкфурук, уә нахла’у уә нәтруку мән иәфжурук.
Аллаһумма иййәәкә нә’буду уә ләкә нусалли уә нәсжуду уә иләйкә нәс’а уа нахфид, наржу рахмәтәкә уа нахшә ’азаабәкә иннә ’азаабәкә бил куффари мулхиқ».
Мағынасы: Аллаһым, біз күмәнсіз Сенен жәрдем және кешірім тілеп, тура жол, һидаят сұраймыз. Саған иман етіп, күнәларымыз үшін тәубе етіп, Өзіңе арқа сүйейміз. Сені барлық жақсылықтармен мадақтап, зікір етеміз. Бізге берген ырыс-берекеңе шүкір етеміз. Сені теріске шығармаймыз. Саған қарсы келгендерді теріске шығарып, олармен мүлдем байланысымызды үземіз.
Аллаһым! Біз тек Саған ғана құлшылық етіп, сен үшін намаз оқып, саған сәжде етеміз. Саған лайық құл болып, сенің разылығыңды алу үшін жігерленіп, қайраттанып алға ұмтыламыз. Рақымдылығыңнан үміттеніп, азабыңнан қорқамыз. Күмәнсіз, азабың кәпірлерді қамтиды.
Намаздан кейінгі дұғалар
Парыз намазы оқылғаннан кейін:
{أللهُمَّ اَنْتَ السَّلامُ وَ مِنْكَ السَّلامُ تَبارَكْتَ يا ذَالْجَلالِ وَ الاكْرَامِ}
«Аллаһумма әнтәс-сәләәму уә минкәс-сәләәм, тәбәәрактә иәә зәл-жәләәли уәл-икраам»
Мағынасы: Аллаһым! Сен сәлемсің. Сәлем сенен. Сен күллі нұқсандық атаулыдан пәксің. Дүние мен ақырет сәлеметі мен бейбітшілігі сенің көмегіңмен ғана болады. Нағыз қасиетті – Сенсің. Уа, құдірет пен жомарт иесі Раббым.
Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) Муазға әр намаздың соңында оқы деп өсиет еткен дұғасы:
أللهُمَّ أعِنِّى عَلَى ذِكْرِكَ وَ شُكْرِكَ وَ حُسْنِ عِبَادَتِكَ
«Аллаһумма, а’инни ‘алә зикрикә уә шукрика уә хусни ‘ибәдатик»
Мағынасы: Уа, Аллаһ тағала! Сені әрдайым еске алуымды, Саған шүкіршілік етіп, Өзіңнің талабыңа сай құлшылық етуімді нәсіп ете гөр!
رَبَّنَا اغْفِرْ لِى وَ لِوَالِدَىَّ وَ لِلْمومِنِيْنَ يَوْمَ يَقُوْمُ ألْحِسَاب
«Раббанәғфирли уәлиуәлидәййә уә лилмуминиинә иаума иақумул-хисәәб»
Мағынасы: Уа, Аллаһым! мені, әке-шешемді және мұсылмандарды қиямет күні кешіріміңе бөлей гөр!
أللهُمَّ وَفِّقْنَا إلَى مَا تُحِبُّ وَ تَرْضَى
«Аллаһумма уаффиқнә ила мә тухиббу уа тәрда»
Мағынасы: Уа, Аллаһым! Бізге өзің жақсы көретін және разы болатын істерді нәсіп ете гөр!
Тазалыққа қатысты дұғалар
Дәретханаға кірерде оқылатын дұға:
{ألَّلهُمَّ إنِّي أعُوذُ بِكَ مِنَ الْخُبْثِ وَالْخَبَائِثِ}
«Аллаһумма инни ә’узу бика минәл-хубси уәл-хабааис».
Мағынасы: Аллаһым, ластықтан және лас нәрселерден саған сиынамын (сақтай гөр).
Дәретханадан шыққанда:
ألْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي أذْهَبَ عَنِّي الاَذَي وَ عَافَاني
«Әлхамду лилләһил-ләзи әзһәбә ‘аннил-әзә уә ‘аафәни»,
Мағынасы: Қиындықтан арылтып, жеңілдік берген Аллаһқа шүкір.
Дәрет дұғасы
بِسْمِ الله
«Бисмил-ләәһ»
Мағынасы: Аллаһтың есімімен.
Дәрет алып болғаннан кейін оқылатын дұға:
أللهُمَّ إجْعَلْنِى مِنَ ألْتَوَّابيْنَ وَ إجْعَلْنِى مِنْ ألْمُتَطَهِّرْيْن
«Аллаһумма иж’ални минәт-тәууәбинә уәж’ални минәл мутатаһһириин»
Мағынасы: Уа, Аллаһ тағала! Мені тәубеге келушілер мен күнәдан пәк жандардың санатына қоса гөр!