Намазда есінеу нені білдіреді?
«Намазда есінеу шайтаннан.» (Бұхари)
«Намазда есінеу, құсу және мұрынның қанауы шайтаннан.» (Тирмизи) (Осы және осыған ұқсағандардың басқа түрлері де бар. Мысалы Рамазан айында есінеу шайтаннан емес, жүйкеден болып табылады. Құсу, мұрынның қанауы, қалғу сияқтылардың шайтаннан болмағандары да бар.)
Намазда есінеу мәкрух. Есінеу асқазанның толы болуынан және дененің ауырласуынан туындайды. Ерінді тістеп оның алдын алуға тырысу керек. Бұлай істей алмаған адам сол қолының артымен аузын жабуы керек. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Алла Тағала есінеуді жақсы көрмейді.» (Бұхари)
«Есінегенде ауздарыңды жабыңдар.» (Мүслим)
«Есінеу шайтаннан.» (Бұхари)
⚪ Әрбір есінеу шайтаннан келеді. Шаршау, ұйқысыздық секілді халдерде де жүйкелік есінеулер болады. Пайғамбарлар есінеуден қорғалған. Ибн Абидин хазреттері былай деген:
«Есінеуді жоюдың шарасы, ешбір пайғамбардың мүлдем есінемегенін еске алу. Есінегісі келген кезде біздің пайғамбарымыздың да есінемегенін ойлап дереу салауат айту керек. Қудури рахметуллаһи алейһ “Біз мұны сан мәрте тәжрибе еттік және дұрыстығын көрдік” деген. Мен де тәжрибе еттім және дұрыс екендігін көрдім.» (Рәддул мухтар)
дереккөз: mazhab.kz