Кәді икрасының рецепті
Қыстың қамын жаз ойла. Расымен де қысқа азық жинау шілдеден басталады. Себебі дәл осы мезгілде көк те, жасыл да өніп, бағалары төменейді. Қысқа қамдану үшін тойымды, дәруменге толы икра, тосап, қайнатпалар әзірлейміз. Олай болса төменде шабақ икрасы.
Басқа рецептіден өзгешелігі, мұнда қызанақ емес, дайын томат пастасы қолданылады. Сондықтан икра сулы емес, қою, дәмді болып әзірленеді. Қуыру қажет емес. Шынында да өте тез және оңай. Икраның дәмі дәл бала кездегідей!
Құрамы:
кәді – 3 кг
болгар бұрышы- 5 дана.
томат пастасы -500 г
өсімдік майы - 1 шыны
қант - ½ шыны
тұз - 1 ½ шай қасық
бұрыш қызыл өткір ұнтақталған - 1 ½ шай қасық
Сарымсақ - 80 г
сірке суы эссенциясы - 1 шай қасық
Кәдінің қабығын, ортасындағы пістесін тазалаймыз.
Болгар бұрышынан да дәнді алып тастаймыз. Бұрыштың кез келген түсін қолдануға болады.
Кәді мен бұрышты ет тартқышта айдап, ыдысқа саламыз.
Қант, тұз және бұрыш саламыз.
Томат пастасы мен май саламыз.
Ыдысты отқа қоямыз да қайнаған сәттен бастап 30 минут қайнатамыз.
Сарымсақты салып, тағы 5-10 минут қайнатамыз.
Сізде шамамен 3 литр икра шығуы қажет. Асыңыз дәмді болсын.