Сүзбе қосылған тәтті бәліш

Oinet.kz 19-02-2020 1076


✅ ҚҰРАМЫ:
✅ Ашытуына:
➕ Ашытқы — 1 шай қасық
➕ Шекер — 4 асқасық Сүт — 50гр

image.png

✅ Қамырына:
➕ Ұн — 500 — 600 гр + 2 — 3 асқасық
➕ Тұз — 0,5 шай қасық
➕ Сүт — 150 мл (0,75 стақан)
➕ Сұйық май — 4 асқасық
➕ Жұмыртқа — 2 дана + 2 саруыз
✅ Салмасына:
➕ Сүзбе — 500 гр
➕ Шекер — 4 асқасық
➕ Ванилин 1 -3 гр
➕ Жұмыртқа — 1 дана
➕ Сары май — 2 асқасық
✅ Бетіне жағуға:
✅ Жұмыртқаның сарыуызы — 2
✅ 1. Қамырды ашытпас бұрын, ашытқыны ашытып аламыз. Ол үшін бір ыдысқа ашытқы шекер салып, үстіне жылы сүт құйып, арластырамыз. Бетін жауып, жылы жерге қоямыз. Ашытқы көпіріп, екі есе көтерілуі тиіс!
✅ 2. Басқа бір ыдысқа жылы сүт, сұйық май құйып, 2 жұмыртқа+ 2 сарыуыз, тұз, ұн салып, көпіршіп тұрған ашытқымызды құйып, қамыр илейміз. Қамыр илегенде өте жұмсақ болады және қолға жабыса береді. Сондықтан 2-3 асқасық ұн салуға болады, одан артық салмаңыз, себебі бәлішіңіз піскеннен кейін қатты боп қалады. Егер ұнды қалай өлшеріңізді білмесеңіз, 1 толық асқасық ұнда 30гр ұн болады, солай өлшеп салыңыз! Қамыр қолыңызға жабыса берсе, қолыңызды майлап та илеуге болады. Иленген қамырды, бетін жауып, көтерілгенше жылы жерге қоямыз.
✅ 3. Көтерілген қамырды бірдей 16 бөлікке бөліп, майланған табаға саламыз және аздап көтерілгенше бетін жауып қоямыз.
✅ 4. Салмасына сүзбеге шекер, ванилин, сары май, жұмыртқа қосып араластырамыз. Егер сүзбеңіз ірі болса міндетті түрде миксермен немесе блендермен түйіршіктері езілгенше араластырыңыз.
Салмамызды қамырымызға салу үшін стақанның түбін ұнға батырып алып, дәл ортасынан басып, шұңқыр жасаймыз.
✅ 5. Шұңқырларға толтырып салмамызды салып, жұмыртқаның сарыуызын жағып, 180 дәрежеде ысыған пеште 30-40 минут қызарғанша пісіріп аламы

«Қара көйлек» десерті
«Жаңғақ» печеньесі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу