Мысыр пирамидалары

Oinet.kz 04-10-2019 6037

Znalezione obrazy dla zapytania пирамид египта

Мысыр пирамидалары сәулет өнерінің бір кездердегі жаңалығы саналады. Сол замандарда-аө осындай зәулім пирамидалардың ешқандай технологияларсыз салынуы өте таңқаларлық. Ең алдымен, пирамида - бұл идеологиялық, діни ұстанымдарды өзіне шоғырландыратын, бұл әлемдегі құдайдың болуының нышаны. Пирамиданың мәдениетінде патша да бір орын алған. Егер дереккөздерге сенсек, онда пирамида Ра-Атум құдайы мен Хатхор құдай анаға, ал үшінші орын патшаға тиесілі болған. Бұл пирамиданы не бейнеленгенін түсіну үшін осы құдайлардың бір-бірімен қарым-қатынасын түсіну керек. Ра құдайы - бұл әлемді жаратқан адам, күн құдайы.  Хатхор - оның жұбайы. Олардың ұлы – патша Хор және бұл патша осы жүйеде өзіне тиесілі орынды алады. Ол сондай-ақ осы құдайлармен бірге айтылады.

Жыл сайын миллиондаған ту­ристерді Мысырға қарай магнитше тар­татын «Әлемнің жеті кереметінің» бірі бұл пирамидалар саны Мысырда 118. Ніл өзенінің солтүстік батыс жағалауына шашырай орналасқан бұл пирамидалардың ең көнесі – Джосер пирамидасы. Бұл пирамиданың негізі осыдан 5000 жыл бұрын қаланған. Бұл ғимараттың құрылысын Имхотеп атты шебер басқарған. Ал, Мысыр пирамидаларының ең үлкені Гиза даласында орналасқан Хеопс пирамидасы. 20 жыл салынған бұл пирамидаға салмағы 2,5- 3 тоннаға жететін 2 млн 300 мың тас кірпіш жұмсалған. Оның ішінде орналасқан «патша бөлмесінде» салмағы 80 тоннаға жететін алып кірпіштер де бар. Бұл пирамиданың биіктігі 146,6 м, әр қырының ұзындығы 230 метрді құрайды. Сол сияқты пирамидалардың Америка материгінде барын да біз бұрыннан білеміз. Әсіресе, қазіргі Мексика жерін б.з V-X ғасырларында мекен еткен Майя тайпасының салдырған пирамидалары ерекше. Майялықтар ғажайып құрылыстар салумен бірге ғылым- білімнің шырқау биігіне көтерілген. Әсіресе, олардың математика, астрономия, астрология саласында жеткен жетістіктері таң қаларлық. Майялықтар бұдан 1000 жыл бұрын жасаған күнтізбенің сырын толық ашуға қазіргі заман ғылымының өзі дәрменсіз. Ал, енді, Қытай еліндегі пирамидалар туралы біз енді-енді естіп жүрміз. Себебі, қытайлықтар бұл өлкені әлі күнге дейін жабық, жасырын ұстайды екен. Бұл өлкеге шетелдіктердің баруына тыйым салынған.

Көне папирусты америкалық Марк Ленер бастаған археологтар тобы тапқан. Папируста ежелгі мысырлықтар 2, 5 тонналық тастарды 800 шақырым жерден қалай тасығандықтары жайында жазылған. Папирусты өз кезінде Хеопс пирамидасын салу жұмыстарының бір бөлігін басқарған Марет есімді адам жазған. Марк Ленердің айтуынша, папируста ежелгі Мысыр халқының бірнеше тонналық тастарды Ніл өзенімен ағаш қайықтар арқылы арнайы қазылған су каналдар арқылы, қазіргі Хеопс пирамидасы аумағына дейін алып келгені жайында жазылған. Гиза пирамидалар топтамасына кіретін Хеопс, Хефрен, Микерин пирамидалары осыдан 4,5 мың жыл бұрын салынған. Оның қалай салынғаны жайында осыған дейін түрлі болжамдар жасалған болатын. Бірақ оның барлығы қандай да бір делелсіз айтылып келген еді.

Енді, «осы пирамидаларды кімдер салған» деген сұрақ туатыны заңды.
Кейбіреулер ешқандай дәлелі болмаса да бұл пирамидаларды жат планеталықтар салған дейді. Айтатын дәлелі ең кішісі 2,5 тоннадан 80 тоннаға дейін жететін тастарды мынандай дәлдікпен қалау адам баласының қолынан келуі мүмкін емес дейді. Ал, Еуропалық ғалымдар б.д.д 359 жылы ежелгі грек ғалымы Платон жазып кеткен атланттар салған дегенді айтуға құмар. Платон және бір грек ғұламасы Солоннан естідім деп ғажайып өркениетке қол жеткізген Атлантида туралы айтады. Оның айтуынша, атланттар аса зор болған.Ірі пирамидалар тұрғызған. Сонда өмір сүрген. Ғажайып теxнологияларға қол жеткізген. Жеті қат жердің астын һәм жеті қат көк аспанды да зерттеген. Суға сүңгіген, көкке ұшқан. Олар өмір сүрген мекен жұмақпен бірдей болған. Бірақ, кездейсоқ оқиғадан кейін (табиғат апаты болуы керек) Атлантида өркениеті жойылған. Атлантиданың астанасы Атлас қаласы болған. Платонның жазуынша атланттар аралда өмір сүрген. Бірақ, ол мемлекет қай жерде өмір сүрген, ол Арал мен Атлас қаласы қайда? Бұл туралы ешнәрсе айтылмаған.
Қазір Еуропа ғалымдары осы Атлан­тиданың қалдығын іздеп әуре.
А) Осыдан бірнеше жыл бұрын Батыс ғалымдары ғарыштан түсірілген сурет арқылы Испания жағалауынан батып кеткен аралды, ондағы аса үлкен ғимараттардың сұлбасын көрген. Мүмкін, «Атлантиданың астанасы Атлас қаласы осы болар» деп зерттеу жұмысын бастап кетіпті. Б) Ал, биыл орыс ғалымдары Қырымнан тапқан жеті пирамида мен Севастополь маңындағы Федюн жотасынан табылған алаңқай орнын Атлас қаласының орны болуы мүмкін дейді. Дәлелі Федюн жотасындағы қала орны мен Платон айтқан Атлас қаласының үлкендігі (925м) дәл келеді. Орыс ғалымдары Атлантиданы осы жерден Қара теңіз түбінен іздеген жөн дейді. В) Ал, Америка ғалымдары Куба жағалауындағы Бермуд үштағанынан табылған суасты қаласының қалдығын Атлантида туралы айтылғандарға дәл келеді деп есептейді. Себебі, арал табиғи апаттан суға батып кеткен.

Шыңғысхан жайлы қызықты 5 дерек
Египет туралы қызықты деректер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу