Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Шыңғысхан басқарған Моңғол ордасы 30 жыл бойы бүкіл Азияны билеп-төстеді. Аталған орда жер бетіндегі барлық адамдардың оннан бір бөлігін өлтіріп, жердің төрттен бір бөлігін жаулап алды. Моңғол Ордасы бүкіл адамзат тарихындағы ең қатыгез империя болды. Шыңғысхан жер бетіндегі ең қатал билеушілердің бірі болып есептеледі. Біз Шыңғыс хан жайлы не білеміз? Назарларыңызға Шыңғыс хан туралы қызықты 5 деректі ұсынамыз:
1. Шыңғысхан ағасын тамақ үшін өлтірді.
Темучин (Шыңғысхан) Есугей көсемінің отбасында дүниеге келді. Бірақ, оның әкесі жау тайпасының қолына түскен кезде баланың қоғамдағы жағдайы өзгерді. Ең алдымен олар үйден қуылды. Олар тамақ үшін қаражат іздеуге мәжбүр болды.
Бірде 14 жасар Темучин балық аулап отырғанда қармағына үлкен балық ілігеді. Қуанып кеткен Шыңғысхан балықты туған-туыстарына әкеледі. Бірақ туған ағасы Бектер балықты Темучиннің қолынан жұлып алып, ешкіммен бөліспестен өзі жейді. Қатты ашуланған Темучин ағасын садақпен атып өлтіреді. Бұл Темучиннің алғашқы кісі өлтіруі.
2. Шыңғысхан бойы 90 сантиметрден жоғары адамдарды өлтірді.
Темучин 20 жасқа толғанда әкесін өлтірген адамдарға қарсы жорығын бастайды. Темучин татар әскерін талқандап, оларды ерекше тәсілмен қырып салады. Әрбір татарды арбамен қатар қойып, дөңгелек осімен салыстырғанда оның бойын өлшеді (арба 90 сантиметр болды). Бойы 90 сантиметрден жоғары барлық адамдардың басын кесті. Шын мәнінде бұлай істеуіне себеп болған нәрсе - хан тек балаларды аман алып қалғысы келген.
3. Оның құрбандарының сүйектерін таулармен шатастырған.
1211 жылы Шыңғысхан Қазіргі Қытайға - Цзинь империясына шабуыл жасады. Бұл өте батыл шешім болды. Себебі, Цзинь империясында 53 миллион адам өмір сүрді, ал моңғолдар тек бір миллион болды. Дегенмен, Шыңғысхан жеңіске жетті. Үш жыл ішінде моңғолдар Чжунду қабырғасына (Қазіргі Пекин) жетті. Қала қабырғаларының биіктігі 12 метр болды және бұл қабырғалар қаланының 29 километр бөлігін қоршап тұрды. Қаланы Шыңғысхан ерекше тәсілмен алады.
1215 жылдың жазда қала тұрғындары жейтін азық таппай, каннибализмге (адам жеу) барды. Ақыр соңында Чжунду берілді. Моңғолдар қаланы түбегейлі басып алады. Бірнеше ай өткен соң бұл шапқыншылықты көргендер "өлгендердің сүйектерінен таулар пайда болды, ал жер адам майынан да майлы болды" деп жазды.
4. Шыңғысхан өзін атқан садақшыны қолбасшы етіп тағайындады
Моңғол тайпасы Тайчигудпен соғыс кезінде Шыңғысханның атына оқ тиіп, жануар сол жерде өледі. Құлап кеткен жылқы Шыңғысханды басып қалады. Алайда хан аман қалады. Шыңғысхан әскері шайқаста жеңіске жетіп, барлығын жинап алып, оқты кімнің атқанын сұрайды. Джебе деген садақшы бәрін мойындап, ханды өлтіргісі келгенін айтады (кейіннен Джебе генерал және Шыңғысханның ең адал достарының бірі болды).
5. Шыңғысхан қыздарын өз одақтастарына қалыңдық етеді.
Шыңғысханның билікті басып алу тәсілдерінің бірі - өз қыздарын одақтастарына тұрмысқа беру болды. Ал Шыңғысханның қызын алғандар өздерінің басқа әйелдерінен бас тартуға тура келді. Мұның манагомияға түк қатысы болмады. Ол тек өз қыздарының мұрагерлікке жалғыз претендент екеніне көз жеткізді.