Сноубордшылар – батыл жандар

Oinet.kz 27-09-2019 1027

Screenshot_11.jpg

Бір кездері сноубортты спорттың түрі деп есептемеген екен. Курорттарда онымен айналысуға тыйым салыпты.  Бертін келе ол қысқы спорттың ең танымал түріне айналды. Қазір жер бетінде 30 миллиондай адам сноубордингпен айналысады екен. Олардың 25 пайызы әйелдер. Ерекше спорттың түрімен айналысқанда адамның барлық денесі мен бұлшық еттері жұмыс істейді. Сноудбордшы құлаған кезде оның жалғыз қорғаны – қолы. Тау шыңына құмарлардың 90 пайызының жарақатты қолы мен иығынан алуының себебі осы. Мамандар тақтай үстінде зулайтындардың қарны ашқан кезде  құрғақ жемістер, шоколад, жаңғақ пен ірімшік жеуге кеңес береді. Психологтардың айтуы бойынша спорттың осы түріне «ғашық» адамдар  олар – батыл, табанды жандар. 

Айнадан өзін тани алатын жануарлар
Қалақай – дәруменге бай
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу