Қалақай – дәруменге бай

Oinet.kz 27-09-2019 1888

Screenshot_12.jpg

Қалақай - флора әлеміндегі ең пайдалы, медицина мен тұрмысқа қажеттті өсімдіктердің бірі. Ертеректе адамдар қалақайдан өте берік болып келетін желкен тіккен. Өсімдіктің ең пайдалы жері ол жапырақтары. Оның құрамында С, В, К дәрумендері бар. Дәруменге бай жапырақты сорпа мен салатқа қоссаңыз денсаулығыңызға бір пайдасы тиетіні анық.  Қалақай жапырағы ет, балық сынды тез бұзылатын тағамдары сақтауда үлкен көмекші бола алады. Жаздың ыстық күндері етті жапырақпен орап қойсаңыз тағамыңыз ұзақ уақыт балғындығын сақтап тұрады. Англияда қалақайдан шарап жасайтын көрінеді. Сенесіз бе, 3 мың литр шарап алу үшін бар болғаны 40 келі қалақай жапырағы қажет екен. Көптеген сусабынның құрамында қалақайдың болуы бекер емес. Өйткені ол шашқа керемет қуат береді. Пайдалы қасиеттері мол қалақайды жүкті әйелдер мен жүрегі ауыратын жандарға жеуге мүлдем болмайды екен. 

Сноубордшылар – батыл жандар
Таңқурай. Оның пайдасы және құрамындағы дәрумендер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу