Таңқурай. Оның пайдасы және құрамындағы дәрумендер
Таңқурай денсаулыққа өте пайдалы жидек түрі. Таңқурай жылы мезгілде өскенімен, оның негізгі қызмет ететін мезгілі суық мезгілдер. Қыста тұмаудан, суықтаудан кез келген дәрі-дәрмектен тез айяқтырады.
Таңқурайдың құрамында қант, эфир майлары, аскорбин қышқылы, глюкоза, ақуыз, пектиндер, С, В, РР, Д,Е,К және А дәрумендері бар және калий, фосфор, кальций, иод, цинк, хром, кобальт сияқты химиялық элементтерге бай.
Таңқурай – биіктігі 1,5 метрге жуық, көп жылдық, бұталы өсімдік.
Таңқурайдың құрамындағы салицил қышқылы денедегі ыстықты түсіреді. Бұл жидектің тер шығаратын әсерге де бар. Оған қоса таңқурай антитоксиндік, қан тоқтататын қасиетке ие. Ол ішек-қарын жолдары, бауыр ауруларында, атеросклероз, гипертония, қаназдық ауруларында пайдалы. Таңқурайды жиі жейтін әйелдердің терісі сау әрі әдемі келеді.
Ал таңқурайдың құрамындағы фолий қышқылының нәресте сүйгісі келетін және жүкті әйелдер үшін пайдасы мол.
Таңқурай мен оның жапырақтары бүйрек жұмысын жақсартып, зәр айдайтын әсері бар.
Кептірілген таңқурайдың 60 грамм жемісін 1 стакан қайнап тұрған суға салып 20 минут тұндырады да, түнге қарай екі стаканын бір-ақ ішіп алады. Денедеп тер шығару үшін осылай қолданады. Басқа жағдайларда 1 стаканнан күніне 2 рет ішеді. Тамақ шаю үшін 10 грамм жемісті 1 стакан қайнап тұрған суға салып тұндырады. Оның гүлдерінен тұнбаны былай жасайды: 20 грамм таңқурайдың гүлін алып 1 стакан қайнап тұрған суға салады да, 20 минут тұндырады. Даяр болған дәріні бір ас қасықтан күніне 3 рет ішеді.
Таңқурайдың жас жапырағынан май дәріні жасау әдісі: жапырақтардан сығып алынған сөлдің 1 бөлігін сиыр майының 4 бөлігімен араластырады.
Таңқурай шырыны тыныс алу жолдарын ашса, суын іш өтуге, қан қысымын түсіруге пайдаланады. Ол холестерин деңгейін түсіріп, майдың қорытылуын жеңілдетеді. Артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін де таңқурайдың пайдасы зор. Таңқурайды қайнатқанда да, тоңазытқанда да пайдалы қасиеттерін жоймайды. Қайнатпасы дене қызуын түсіріп, несеп жүргізуге, бүйрек тасын шығаруға, іш ауруына, қант диабетіне ем.
Жемісін табиғи қалпында немесе кептірілген күйде қайнатып сусын жасап ішсе қыста тұмауға жақсы ем болады. Ғалымдардың пікірінше, бір-де-бір антиоксидант дәл таңқурай сияқты обыр жасушаларына қарсы тұра алмайды. Осыған орай, ол обыр дертіне қарсы тамаша шипалы дәрі болып саналады.