Африканың ең бай тұрғыны

Oinet.kz 25-09-2019 1014

Картинки по запросу алико данготе

Африканың ең бай тұрғыны, Нигерияның қант королі Алико Данготе (Forbes тізімінде 51-орын, байлығы $13,8 млрд). Сонымен қатар, Данготе — әлемдегі байлық қоры ең жылдам өсіп келе жатқан кәсіпкер. Өткен жылы оның жалпы қаражаты 557%-ға артты. Капиталдандыру деңгейі нигериялық қор нарығының төрттен бір бөлігін құраған Данготе цемент компаниясының биржаға шығуы өсу катализаторы болды.

1977 жылы құрылған шағын сауда фирмасы уақыт өте келе үлкен конгломератқа айналды, ол алдымен жергілікті салқындатылған сусындарды, сыраны және тәттілерді өндірушілер үшін қанттың басты жеткізушісі рөлін атқарады да, содан кейін тек ттанында ғана емес, Бенин мен Ганада цемент жеткізу бизнесін қолға алады. Жаңа кәсіпорындар Замбия, Танзания, Конго және Эфиопияда, ал тиеу терминалдары Сьерра-Леоне және Либерияда салынып жатыр. Данготенің табыстылығы басқарушы Халықтық демократиялық партияның қолдауымен байланыстырылады. 2003 жылы Данготе елдің бұрынғы президенті Олусегун Обасанджо елдің қайта президенті болып сайлануына 200 млн-нан астам қаржы жұмсайды, ол елдің келесі билеушісін Умару Муса Яр-адуаны да дәл солай қолдайды. 

Бүгінде Dangote Group компаниясы нигериялық тұз, күріш, тоқыма нарықтарында басым болып, көлік және мұнай-газ бағыттарын игеруде. Өзінің 54 жасқа толған туылған күнінде Данготе $45 млн тұратын жаңа Bombardier ұшағын сатып алған. Британдық Daily Mirror ол Arsenal командасының 16% сатып алғысы келетінін айтқан болатын, алайда миллиардер бұл қауесеттерді жоққа шығаруда.

Аяқ киім қажаса
Хош иістер миллиардері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу