Ұсқынсыздық па, артықшылық па?
Әртістер үшін олардың бет-жүздері басты визит картасы екендігі рас. Алайда өз денесіндегі ақауын өзінің ерекшелігіне айналдырған Голливуд жұлдыздары жоқ емес.
Тина Фей
Атақты әзілқойдың сол жақ бетінде ұзын сызық тыртығы бар. Тинада тыртық оның мектеп жасында пайда болған. Бейтаныс адам оның бетіне пышақ сұғып алған. Тина бір сұхбатында бұл тыртыққа ота жасатпайтынын, мұның еш кедергі келтірмейтінін айтқан.
Хоакин Фенис
Хоакин Феник "қоян ерні" шрамының иегері. Ол осы аурумен дүниеге келген, кейіннен ота жасатып алдыртып тастаған. Джокер өз тыртығы жөнінде әңгіме қозғағанды ұнатпайды. Бірақ тыртығын қабат-қабат гриммен де томшаламайтын көрінеді.
Каролина Куркова
Кішкентайында Каролинаға кіндігіне ота жасалған. Содан ол "кіндіксіз модель" атанып кеткен. Десе де кейбір фотографтар модельдің кіндігін жөндеуді дұрыс көрсе, кейбірі шынайы бейнесін қалдыруды ұйғарады екен.
Дензел Вашингтон
Дензел Вашингтон саусағындағы жарақатын спорттық жарыстардың бірінде алған. Және оның кішкентай саусағын жөндетуге ешқандай мүмкіншілігі болмаған.
Дэрил Ханна
Оның сол қолында саусағының фалангасы жоқ. Жарақатын актриса бала кезінде алған. Ол түсірілім кезінде арнайы жапсырма саусақ қолданады екен. Ал өмірде және кино премьераларда өз саусағымен жүргенді жөн көреді.
Эштон Кутчер
Актер аяғындағы артықшылығымен туған. Алайда актер мұны өз артықшылығы көреді. Тіпті ол жиындарда немесе эфирде "мінсіз адамдарда да бір мін болуы керек емес пе?" деп жауап береді екен.
Кейт Босуорт
Кейт Босуорт тума секторлы гетерохромия. Оның екі көзінің түсі екі түрлі. Тіпті оның әріптестері оның көздерінің линза сияқтанып тұратынын айтады.
Меган Фокс
Меган да бұл тізімде бар. Оның саусағына қараңыз.Оның саусағындағы дефекті кішкентайынан бар көрінеді. Дегенмен актриса ешқандай отаны қажет етпеген.