Қағазды 103 рет бүктесеңіз...
- А4 нұсқадағы қағазды 103 рет бүктеп көріңіз, біздің ғаламнан да үлкен қағаз бумасы пайда болады.
Бірақ кішкентай парақ қалай ғаламнан да үлкен бола алады дерсіз?
Ол былай: Экспоненциалды өсім. Орташа қағаз мөлшері 1/10 миллимерді құрайды. Егер оны тура ортасынан бүктесеңіз, қалыңдығы 2 есе артады.
3 ші бүктеу адамның тырнағындай қалыңдыққа жеткізеді.
7 рет бүктесеңіз 128 беттен тұратын қойын дәптер қалыңдығына дейін жетеді.
10 ретте алақан көлеміндей болады.
23 ші ретте биіктігі 1 км ге жететін қағаз бумасын жасайсыз.
30 рет бүктесеңіз, ғарышқа шығасыз. Бұл кезде сіздің қағаз бумаңыздың биіктігі 100 километрге жетеді.
Бүктеуді жалғастыра беріңіз. 42 рет бүктеген кезде Айға жетесіз. 51 рет бүктесеңіз Күнге дейін жетесіз.
Енді 81 рет бүктеуге жеткізсеңіз, қалыңдығы 127,786 жарық жылындай болатын бума шығады, бұл шамамен Андромеда тұмандығының өлшеміне жақын (шамамен алғанда 140,000 жарық жылы).
90 рет бүктесеңіз 130,8 млн жарық жылындай қашықтыққа жетеді, бұл Бикеш Суперкластерінен де үлкен, оның диаметрі 110 млн жарық жылындай, оның құрамына Андромеда тұмандығы және біздің Құс жолы галактикамыз да кіретін қосымша галактикалық топ бар. Одан басқа да жүздеген галактикалар бар.
Ақыр соңында, 103 -ші рет бүктеген кезде біздің бақылауымыздағы Ғаламның шегінен шығып кетесіз, оның диаметрі шамамен алғанда 93 млрд жарық жылына тең.
- Ешқандай қағазды тура ортасынан 8 реттен артық бүктей алмайсыз. Қазіргі уақытта ресми рекорд 12 рет, оны Бритни Гэлливен жасаған.
- Егер жеткілікті энергияңыз болса, 103-тен де көп бүктерсіз, бәлкім.