Қолсағаттың қызықты тарихы

Oinet.kz 22-08-2019 2831

Картинки по запросу кто придумал наручные часы

Бүгінде қолсағаты сағат рөлінен біршама алыстап, сәндік бұйым ретінде тағынатын болған. Қолсағаты иесінің статусын білдіріп, тіпті басының бостығын, бос еместігін де аңғартып жатады. Қабырға сағаты, механикалық сағаттар тарихынан бөлек, қолда сағат тағып жүру ең алғаш кімнің ойына келді екен.

Ең алғашқы қолс ағаттарын тек әйелдер таққан екен.

Тарих беттерінде ең алғаш қолсағаттары жөніндегі ұғым 1571 жылдары байқалған. Лестер графы Роберт Дадли англиялық Елизавета I патшайымына інжумен безендіріліп, асыл тастармен көмкерілген білезік сыйға тартады екен. Міне сол кезден жиырмасыншы ғасырға дейін қолсағаттары «браслет» (wraslet) деп аталған. Олар сағаттан гөрі әшекейдің рөлін көбірек ойнаған. Сағат тағу келіншектің жағдайының жақсы екендігінен хабардар еткен. Ал еркектер «қолсағат таққанымша белдемше кигенім жақсы» деген пікірде болған.

Ал қарапайым халық қолсағатының өлшемі кішкентай болғандықтан, оның дәлдігіне күмән келтірген.

Биік өкшелі туфли қалай пайда болды?
Челябинск туралы қызықты деректер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу