Челябинск туралы қызықты деректер

Oinet.kz 22-08-2019 1094

fakty-chelyabinsk.jpg

Белгілі телебағдарламалардың бірі Челябинскіні Ресейдің ең қатыгез қалаларының бірі деп атайды. Солай да болар, бірақ ол тек қатыгез ғана емес, сонымен қатар қызыққа толы қала. Сенбесеңіз төменді оқыңыз.

Челябинск тұрғындары Сібірден Оралға дейін және кері бағытта емін-еркін жаяу барып келе алады. Қалай дейсіз бе? Мәселе мынада: Миасс өзені қаланы бірі Сібірде, екіншісі Оралда орналасқан екі бөлікке бөліп ағады. Сондықтан Сібір мен Оралдың арасын жол ету үшін небәрі Ленинград көпірінен өтсеңіз болғаны.

Император Николай Біріншінің үкімімен Челябинскінің Құрметті Азаматы дәрежесі шығарылған. Мұндай атаққа алғаш рет Василий Колбин атты жергілікті көпес ие болған. КСРО-да мұндай дәреже 50 жылдан кейін ғана күшіне енген. Қараша айында революционер Иван Степанов Белостоцкий Челябинскінің алғашқы құрметті азаматы атағын алған.

Ұлы Отан соғысы басталмас бұрын қала халқының саны 300 000-ды құраса, бірнеше жыл ішінде екі жарым есеге өскен. 200-ден астам кәсіпорын эвакуацияланып, он шақты госпиталь ашылған. Челябинск трактор зауытынан көптеген танктер де шығарылып, соның себебінен қала Танкоград атанып та кеткен.

Қазіргі таңда тұрғындар саны 1 200 000 шамасына жеткен. 1976 жылы 13 қазанда айтулы оқиға орын алған: Челябинскінің миллионыншы тұрғыны Костя Яковлев дүниеге келген. Халық саны бойынша Челябинск Ресей бойынша Казаньнан кейін, Омскіден алда 7-орында.

Айтпақшы, Казань және Омск Челябинскімен туыстас қалалар болып табылады. Ол тізімде Уфа да бар. Олардан бөлек бұл тізімде Колумбия (США), Ноттингемшир (Великобритания), Рамла (Израиль), Урумчи и Харбин (Китай) и столица Доминиканской Республики – город Санто-Доминго бар.

Сібір жарасымен алғашқы күрес осы Челябинскіде басталған. Емдеуші Семен Андриевский көмекшісі Василий Жуковскиймен 1786 жылы бұл аурудың пайда болу себептері мен емдеу жолдарын іздей бастаған. Семен Андриевский үлкен тәуекелге барып, өзіне сібір жарасын жұқтырған. Осылайша ол аман қалып қана қоймай, өзгелерді аман алып қалудың жолын, яғни емін тапқан.

Иосиф Виссарионович Сталин Кеңес Одағының басшысы қызметінде жүрсе де, Челябинскіде болмаған. Ол онда одан ертерек, ХХ ғасырдың басында барған. Жас революционер Иосиф Джугашвили Сібірге жер аударылу кезінде бірнеше күн Челябинск түрмесінде бірнеше күн болған.

Өткен ғасырдың 30-жылдары Челябинскіні ауыр өнеркәсіп және қатынас жолы халық комиссары Лазярь Кагановичтің құрметіне Кагановичград деп атамақ болған. Бірақ Сталин тиісті құжаттарғақол қоймағандықтан, мекен өз атауында қалған.

2013 жылдың 15 ақпанында Челябинскіге диаметрі 17 метр, салмағы 10 000 тонна болатын метеорит құлап, ондаған адам ауруханаға жеткізілген. Көпшілігі сынған шынылардан зақымданған.

Қолсағаттың қызықты тарихы
Өгіз қалай пайда болды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу