«Gangnam style» клипінің рекорды

Oinet.kz 12-08-2019 828

Screenshot_7.jpg

You Tube арнасында «Gangnam style» бейне клипі 3 400 928 539 (үш миллиард 400миллион)  қаралым жинап, рекорд жаңартты. 

 Ганнам (кәріс тілінен аударғанда - «өзеннің оңтүстігінде») - Оңтүстік Корея астанасының көптеген сән клубтары орналасқан Сеулдің оңтүстік-шығысындағы беделді аймақ. Ол өзін-өзі басқару мәртебесіне ие. 

 Оппа сөзі кәріс тілінде жақындық мағынасын білдіреді екен. Яғни, аға, іні, қарындас, әріптес, достардың жалпы атауы.

 34 жастағы оңтүстік кореялық әнші Пак Чэ-Санның клипі 132 күнде  805 миллион 55 мың 375 рет қаралған, ал ұзақ уақыт бойы осы көрсеткіш бойынша көшбасшы болған 18 жастағы канадалық азаматтың клипі 803 миллион 732 мың 561 рет қаралған.

 Пак Че Санның Оңтүстік Кореядағы дебюті көпшілікке 2001 жылы ұсынылды. Қазір танымал бола отырып, өзі туралы ағылшын тілінде дәрістер оқиды, американдық және британдық телешоуларда қатысады. Ганнам стиліндегі клип Оңтүстік Кореяның әнұранына айналды. 

Аспанның түсі неге көк?
Әлемдегі ең қымбат асыл тас
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу