Неге дауылды апаттар әйелдердің есімімен аталады?
Ғасырлар тоғысында сан мыңдаған апатты жағдайлар жиі болып тұрады. Бір қызығы, көбіне, апаттарды әйелдер есімімен атайды екен.Бұрындары дауылды апат болған күн - қасиетті адамның есімімен аталған. Мәселен, «Санта Анна» дауылы Пуэрто-Рико қаласына 1825 жылдың 26 шілдесінде, әулие күні жеткендіктен, Анна есімімімен атауына түрткі болды.
Циклондардың атаулары Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде кеңінен таралды. АҚШ Әуе күштері мен Әскери-теңіз күштерінің метеорологтары Тынық мұхитының солтүстік-батысында тайфундарды байқап, әскери метеорологтар ұмытып қалмас үшін тілсіз жауды әйелдерінің немесе қайын енелерінің аттарымен атаған. Соғыстан кейін АҚШ-тың ұлттық ауа-райы қызметі алфавиттік түрде әйел есімдерінің тізімін жасап шығарды, мұндағы негізгі идея - қысқа, қарапайым және оңай айтылатын есімдерді қолдану болды.
Осыдан соң, апатты жағдайларға әйел есімдерін тағайындау жүйеге енгізіліп, басқа тропикалық циклондар - Тынық мұхиты тайфундарына, Үнді мұхитының, Тимор теңізінің және Австралияның солтүстік-батыс жағалауларына таралды.
Тайфун дауылы үшін 84 әйел есімінің тізімі реттеліп, 1979 жылы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) АҚШ-тың ұлттық ауа-райы қызметімен бірге ер-азамат есімдерін қосу үшін осы тізімді кеңейтті.