Коучинг. Коуч деген кім, не?
Коуч – ол табысқа жетуді үйретуші, тренер. Сізді жетістікке нұсқаушы, маман. Коучке табысқа жетуде проблемасы бар кез келген мамандық иелері, барлық жастағы адамдар жүгінеді. Өмірлік мақсатын айқындай алмай жүрген, өзіне лайықты мамандықты таңдай алмай жүрген, қайта-қайта шалыс басып әбден шаршаған, іскерлік кездесулерде жолы болмағыштау, бастығымен жақсы қарым-қатынас орната алмай жүрген жандардың бәрі коуч қызметіне жүгінеді.
Коучинг – бұл клиенттерге өзінің жеке және кәсіби өмірінде нақты нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетін үздіксіз ынтымақтастық. Коучинг процесі арқылы клиенттер өз білімдерін тереңдетіп, өз ПӘК-ін жақсартып, өмір сапасын арттырады.