Ақымақтық рекордын жеңген қылмыс

Oinet.kz 05-08-2019 1193

bigphoto_69140_75119_1000_0.jpg

Банк тонау процессі

Германияның Дюссельдорф банк тонағысы келген бір есерсоқты қамауға алады. Әлгі банк тонамақ болған ұрының бұл ең алғашқы және осңғы қылмысы болыпты, оның үстіне қала тұғындары еске алған сайын күледі екен. Алдымен ол банктың ашылуын күтіп, есігінің алдында арлы-берлі кезіп жүріпті. Содан соң үш сағатқа жуық бейнежазбалар алдында, ұрлыққа дайындалып қимылдай бастайды, оның үстіне оның үстіндегі майкасы мен шолақ шалбары, қызық телпегі жаяу жүогіншілердің назарын алады екен. 

Ақыр соңында ұры банкке дөптеген мақсатын жүзеге асыру үшін кіріп келіпті, әлгі басындағы телпегін бетіне тақап, жүзін жасырмақ ниетпен. Алайда телпегінің кесірінен ештеңені көрмей, көзіне көрінгенге соғыса беріпті. Бір-екі қадамды осылай жүріп келе жатып, бейнежазбамен бет тіресіпті соңында. Қараңғыда әбден абыржыған ұры телпегін қолына ұстай салып, бейнежазба алдынба бетін үлкен планмен көрсетеді. Осындай ойда жоқта жасалған фотосессиядан кейін, ол кассаға қарай беттейді. Дірілдеген дауысымен шаппақ қаруын кассир қызға қаратып, қолма-қол ақша талап ете бастайды. Банк қызметкері күлкісін әрез тоқтатып, ұрыны көше кезуші екен деп қуа бастайды. Ол да қыздың айтқанына құлақ асып кетіп бара жатқан тұста, банк күзетшілері оны тұтқынға алады. Сотта да оған жәй ғана келесі жолы мұндай бұзақылықты қайталамауын өтініп шығарып салыпты...

Қыздың қан тобына қарап мінезін қалай анықтаса болады?
Тағдыр ағашы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу