Парадокс деген не?

Oinet.kz 15-07-2019 5725

Paradox.jpg

Парадокс – дағдыға, әдетке қайшы келетін жаңа пікір.

Ғылымда бұл терминге қатысты ғалымдар, ғұламар көрсеткен қанша анықтама бар. Алайда, барлығы тек бір түсініктемеге негіздеме болады, парадок бір шындықтың екі ұшы. Қарапайым сөзбен, парадокс бір қарағанда қате, сандырақ, қарама-қайшы пікір сияқты, алайда, бір уақытта да әбден шындыққа негізделген пікір. Басқаша айтқанда, парадокс логикалық тұрғыдан алып қарағанда түк ақылға симайтын пікір болуы мүмкін, дегенмен факт.

Парадоксқа мысал ретінде WINDOWS жүйесіндегі өшіру (завершение работы) функциясын таңдау үшін алдымен қосу (пуск) жүйесіне кіретінімізді жатқызуға болады. Логикалық тұрғыдан ақылға сияды ма? Бірақ факт қашан да факт.

kafa-karisik-1558414116.jpg

Тағы бір мысал, адамның «Мен үнемі өтірік айтамын» деп мойындауы. Алайда өтірік айтатын адамның барлық сөзі өтірік екенін мойындап тұрса, бұл сөзіне қалай сенуге болады? Алайда ол адамның өтірік айтатыны факт. Сонда сөзіне сену керек пе, жоқ па?

Альтернатива деген не?
Нумерология жайында...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу