Алып мемлекетке айналған ауыл

Oinet.kz 24-06-2019 1244

Жергілікті үндістердің тілінен аударғанда Канада атауы «ауыл» деген мағына береді. Бірақ сол «ауылдың» үлкен мемлекетке айналып кетерін кім ойлаған?!. Қазіргі таңда сол ауыл жер көлемі жөнінен Ресейден кейінгі екінші орында. Біз сіздерге осы мемлекет жайлы бірқатар қызықты деректерді ұсынамыз...

Screenshot_2.jpg

ХІХ ғасырдағы Канада

Аумағы кең болғанымен, Канаданың тұрғылықты халқы көп емес, небәрі 36 миллион адам шамасында. Бұл көрсеткіш жөнінен Канада әлем бойынша халық саны көп алғашқы отыз мемлекет қатарына да енбейді. Жер аумағы жөнінен 26 есе үлкен болса да, Жапонияда халық саны одан үш есе көп деуге болады.

Қазіргі заманауи Канаданың аумағына Викингтер Х ғасыр кезеңінде келіп жеткен. Бұл мәлімет сол кездердегі викингтердің қоныстанғанын дәлелдейтін айғақтар арқылы археологтармен дәлелденген. Сонымен қатар Виннипег өзенінің жағалауында алып Скандинавиялық Теңізші ескерткіші де орнатылған.

Канаданың символы үйеңкі жапырағы екені белгілі және ол жай үйеңкі емес, қантты үйеңкі. Ол ағаш Солтүстік Америкада ғана өседі. Оның сөлінен үйеңкі шәрбатын жасайды. Орташа есеппен, бұл шәрбаттың экспорты Канада бюджетіне жылына 145 миллионға дейін кіріс әкеледі. Айтқандай, қантты үйеңкіден боулингке арналған керемет кегльдарды жасауға да болады.

Screenshot_1.jpg

Канаданың туындағы үйеңкі жапырағы бейнесі

Канаданың Альберт провинциясында орналасқан кішігірім Сейнт-Поул қалашығында БҰН-ға (беймәлім ұшатын нысандар, яғни НЛО) арналған қону алаңы бар және ол сонысымен көпке белгілі болған. Оны 1967 жылы  жалпы салмағы 130 тонна болатын бетондардан биік алаң етіп соққан. Планетааралық ұшу аппараттарының бірде-бір қонуы тіркелмегеніне қарамастан, онда бүкіл әлем бойынша келетін туристтер көп екен.

Канаданың Торонто қаласында өнер көрсетемін деп ниеттенген, құны 150 доллар болатын және небәрі бір күнге ғана берілетін лицензия, онымен қоса эксперт-кәсіпкерлердің тыңдауынан өтіп, арнайы комиссияның рұқсатын алған музыканттарға метрода өнер көрсетуге рұқсат етілген. Бірақ бұған көпшілігінің мүмкіндігі бола бермейді.

Канадада ұлттық спорт түрі – хоккей. Дегенмен 1904 жылы Сент-Луистегі Олимпиаданың бар-жоғы үш құрама (Канада және АҚШ-тың екі құрамасы) қатысқан турнирінде Канада құрамасы мықтырақ болып, футболдан да чемпион атанған.

Санта-Клаусқа хат жазған Канаданың әрбір тұрғыны кепілді түрде оған жауап алады екен. Оны әрине Санта-Клаус жазбайтыны белгілі, төлемақы төлеген жағдайда пошта қызметкерлері мен волонтерлар Санта-Клаустың атынан  жауап жазып жолдайды. Ал Канада билігіне бағытталған хаттар үкімет бюджетінен қаржыландырылады.

1947 жылы Канадада балалардың наразылық шеруі орын алған. Оның себебі қарапайым – шоколадты батондардың бағасы 5 центтен 8 центке 60% өскен. Бұған ызасы келген тәттіқұмар бүлдіршіндер «8 центке шоколад сатып алмаңдар» деген плакаттармен шеруге шыққан. Оларға бағаның қымбаттауы қант, сүт және какаоның бағасы өсуі себебінен орын алғанын түсіндіруге тура келген.

1988 жылы канада хоккейшілері алаңдағы төбелес үшін абақты мерзімін алған. Команда шабуылшысы «Миннесота Норт Старз» Дино Сиссарелли қарсыласына хоккей таяғымен басынан екі рет соққы берген. Сол үшін сот алдында жауапқа тартылып, Сиссарелли кінәлі деп танылып, ең аз мерзімге – бір күнге абақтыға жабылған және 1000 доллар көлемінде айыппұл төлеген.

Канадалық құндыздар әлем бойынша ең еңбекқор жануарлар болып есептеледі. Себебі Баффало Ұлттық Паркіндегі ұзындығы 850 метр болатын тоғанды солар құрған. Ол әлемдегі ең үлкен құндыз тоғаны болып саналады.

Әлемді мойындатқан Чайковский: Оның өмірі кемшілігін жасырумен өтті
Кібісе жылы туралы не білесіз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу