Адам көп пе , құмырсқа ма?

Oinet.kz 20-04-2019 1001

             Screenshot_42.jpg                   

          Құжынап жүретін жәндік құмырсқаның біз білмейтін сырлары көп екен. Әр қырық кісіге  жеті жүз миллион құмырсқа тең келеді дегенге сенесіз бе? Шындығында да құмырсқалар адамдардан әлдеқайда көп болып шықты. Олар  мұзды мұхиттардан басқа әлемнің барлық жерінде тіршілік ете береді.  Миллиондаған «тұрғыннан»  құралған илеулерінде  азық қоймалары, ұрпақ өсіретін бөлмелер болатын көрінеді.  Бүгінгі таңда құмырсқалардың  тоғыз мың түрі  бар.  Кейде олар  2,5-3 шаршы шақырымды тұтастай мекендей береді.  Жүздеген ұядан құралатын еңбекқор жәндіктің илеуінің ең басты ерекшеліктерінің бірі – өте нәзік есеппен жасалған ұяның ішкі климаты.  Яғни олар ұяның  кіре берісін күнге, әлемнің магниттік өрісіне қарай бейімдеп жасап, ауа жолдарының изоляциясын, күні бойы қалыпты температураны сақтау үшін қажетті желдетуді, жылыту мен суыту тепе-теңдігін ұстауды, өздерінің саны артқанда жаңа қосымша ұялардың ішкі ауаға кері әсер етпейтіндей етіп  жасайды. 


Қызғаншақ гүл
Атымтай Жомарт өмірде болған адам
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу