Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Италиядағы Ресиа көлінің ортасында жалғыз мұнара тұр. Көлкіген судың ортасындағы қалқиған ғимаратты көргенде мұнараны көлдің қақ ортасына тұрғызудың қаншалықты қажеті бар еді деген ойға қаласыз? Негізінде ол осыдан 60 жыл бұрын су астында қалған Граун қаласының мұнарасы. Ертеректе екі көлді қосып, бір үлкен көл жасауды жоспарлаған. Бұл іске жергілікті тұрғындар қарсы болғанымен, беделді компаниялар өздерінің ойларынан қайтпаған. Сөйтіп су қоймаларының ортасында орналасқан қала су астында қалыпты. Бірақ бұл қоңыраулы мұнара керемет құрылыс үлгісі екенін дәлелдеп, әлі күнге дейін көл ортасында сақтаулы тұр. Бүгінгі таңда туристер жағалауда қыдырып, таңғажайып табиғат көріністерін тамашалай алады.