Қайрат Нұртастың әйелі 33 жасында үлкен үйлі болды (видео)

Oinet.kz 15-04-2021 4131

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова туған күнінде өзіне ерекше сыйлық жасады. Қайрат Нұртастың жары 33 жасқа толуына орай, үлкен зәулім үй сатып алды.

Жулдыз.jpg

Қуанышты жаңалықпен Жұлдыз Әбдікәрімова бірден Instagram желісінде бөліскен. Ол парақшасында арнайы видео жариялап, қалың көпшілікке үйді сатып алып жатқан сәтін көрсеткен. Видеодан жұлдықды жұптың қос ұлынын Нарұл мен Ханды да көруге болады. Олар аналарын құшақтап, алғашқылардың бірі болып оны құттықтайды. 

- "Аллаға шүкір. Қатты қуанып тұрмын. Құттықтаулар мен көрімдіктеріңізді дайындаңыздар. Көп ойланбай, үй алдық! Туған күніме үлкен сый болды. Сіздерге де жұғысты болсын. “Әумин” деп қойыңыздар. Алдағы уақытта жерін-ремонтын бәрін көрсетіп, бөлісетін боламын", - деп жазды ол. 

Жұлдыз Әбдікәрімова бөліскен бейнежазбаға сәйкес, ол пәтер емес, екі қабатты жер үйді таңдаған көрінеді. 

Желі қолданушылары 33 жасында осындай жетістікке жеткен жұлдызды әулеттің келінін шын жүректен құттықтап, оған өз ақ тілектерін жаудырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

Психологиялық тест: «Сақинаның бірін таңдаңыз!»
Психологиялық тест: «Кілттің бірін таңдап, бар құпияны біліңіз!»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу