Психологиялық тест: «Қорапшадағы неке сақинасының бірін таңдаңыз!»
Қызыл қорапшадағы сақина. Сіз нағыз ханшайымсыз. Мінездегі тікелік - бұл сіздің өзіңізге де, өзгелерге де қатысты басты қасиетіңіз. Өкінішке орай, сізгежақын адамдар сіздің тікелей көзқарасыңыздан ренжуге мәжбүр. Бірақ олар сізге ұзақ уақыт бойы ренжімейді. Мұндай сүйкімді адамға қалай ашулануға болады? Сіз табиғатынан күшті, көзі ашық адамсыз.
Сізді басқалардан ерекшелендіретін нәрсе - сенімділік, оптимизм және нақты шешім. Сіз өмір қиындықтарынан қорықпайсыз, өйткені оларға төтеп беруге күш табасыз.
Алқызыл қорапшадағы сақина. Сіз өте нәзік жансыз. Сізбен өзгелердің бәсекелес болуы қиын. Сіз таңдаған адам бақытты болады. Қандай киім таңдасаңыз да сізге жарасымды. Өте сұлу әрі нәзік жансыз.
Болашақта сіздің бар арман-қиялыңыз орындалады. Келешекте армандарыңызды жүзеге асыру үшін барынша әрекет етіңіз. Сондай-ақ ер адамның жүрегін жаулау талантыңызды қулықпен пайдалана біліңіз!
Ашық көк қорапшадағы сақина. Егер сіздің таңдауыңыз үшінші сақина болса, онда сіз өте тартымды және қарапайым адамсыз. Жағымды энергияға иесіз. Сіз адамдарға шипа бересіз. Сізбен сөйлескеннен кейін адамдар мазасыздықтан арылып, өзіне деген сенімділік пайда болатынын байқайды.
Сүйіспеншілігіңізді беруден және тіпті таныс емес адамдарға көмектесуден қашпайсыз. Өкінішті, бірақ сіз өзіңізді жиі ұмытып кетесіз. Әлемнің сізге ұсынған мүмкіндіктерін жіберіп алмаңыз, сонда сіз өзіңізді бақытты сезінесіз!
Көк қорапшадағы сақина. Сізді жігерлі, батыл деп атауға болады. Сізде адамды өзіне үйіріп әкетерлік ерекше қасиет бар. Тіпті, көз жанарыңыздың өзгелерді бірден өзіне елітіп әкете аларлық күші бар.
Сіз адамдарды өзіне тартқаныңызға қарамастан, сіз өз құпияларыңызды бәріне сеніп тапсыра алмайсыз. Сіздің сеніміңіз әлі де ақталуы керек! Бұған ең жақын адам ғана лайықты бола алады. Егер сізді жақын адамыңыз сатқан болса, сіз оны кешіре алмайсыз.
Сіз өзгенің сіз туралы айтқан пікіріне назар аудармайсыз. Себебі, өзіңіздің мықты жан екеніңізді білесіз!